"Мұғалімдердің эмоционалды көңіл күйін көтеру"
31.03.2025 күні "Мұғалімдердің эмоционалды көңіл күйін көтеру" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Мақсаты: мұғалімдердің эмоционалды жағдайын жақсарту, өзіне деген сенімділікті арттыру, олардың жеке ерекшеліктерін білу, кәсіби қызметтің маңыздылығын арттыру, сонымен қатар тиімді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және мәселелерді сындарлы шешу қабілетін арттыру. Семинар-тренингті бастауыш сынып психологі Жұмахмет Ұлмекен Молдахметқызы жүргізді.