Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Интерактивті құралдарды (Kahoot, Quizizz, Mentimeter) сабақта қолдану»
27
март
2025

«Интерактивті құралдарды (Kahoot, Quizizz, Mentimeter) сабақта қолдану»

27.03.2025 ж күні «Интерактивті құралдарды (Kahoot, Quizizz, Mentimeter) сабақта қолдану» тақырыбында математика информатика физика пән мұғалімдері өз іс тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың мақсаты:Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде белсенділікті сақтап қалу.Білімді тексеру, бағалау және талдау әдістерін жетілдіру 
Kahoot - білім алушылардың сұрақтарға жауап беру арқылы жарыс жүргізетін онлайн платформа. Ұстаздар сабақ барысында оқушыларға қызықты сұрақтар қойып, олардың жауаптарын дереу талдай алады.
Quizizz - сабақ барысында ойын түрінде қолданылатын тағы бір білім беру құралы. Оқушылар уақыт бойынша сұрақтарға жауап береді, бұл олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.
Mentimeter - пікірлер мен нәтижелерді визуализациялау үшін қолданылатын құрал. Оқушылар мен студенттер интерактивті сауалнамалар, дауыс беру сессиялары немесе пікірлермен бөлісу арқылы сабақты белсенді түрде жүргізуге қатысады.
Семинар барысында ұстаздарға аталған интерактивті платформалар мен құралдарды оқу процесінде қолдану жолдары түсіндірілді. Мұндай құралдар оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың белсенділігін жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: