«Желідегі қауіпсіздік» тақырыбында информатика пәнінен Раева Гульвира Рахимовна ашық сабақ өтті.
«Ұстаз болу - ұлы міндет» тақырыбындағы тәлімгерлер онкүндігі қазан айының 07-18 аралығында өтті.
Онкүндіктің мақсаты: теориялық және әдістемелік көмек көрсету. Жалпы біліктілік деңгейін көтеру,тәжірибе алмасу.
09.10.2024ж күні «Желідегі қауіпсіздік» тақырыбында 8 «А» сынып оқушылармен информатика пәнінен педагог-сарапшы информатика пән мұғалімі Раева Гульвира Рахимовна ашық сабақ өтті. Қоғам қайраткерлерімен таныстыра отырып білім алушылардың патриоттық сезімін оята алды. Оқушыларды сурет қиындыларын біріктіру арқылы екі топқа бөлді. Алдынғы сабақты пысықтау мақсатында «Өрмекші торы» әдісі арқылы жасырылған өрмекшілерді табу арқылы оқушылар сұрақтарға жауап берді. Еducaplay.com платформасы арқылы оқушылармен жеке жұмыс жүргізді.Топтық жұмыс «Компьютерде орындайық» тапсырмасы арқылы орындалды Интернеттің іздеу сайттарын пайдалана отырып, берілген термин сөздеріне анықтама берілді.«Кім жылдам?» әдісі арқылы білімдерін пысықтауда wordwall платформасындағы тест сұрақтарына жауап берілді. Кері байланыс жасауда оқушылар өз топтарына лүпілшелер қойып сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.


