«Синтаксис әлеміне саяхат» тақырыбында 4 «Б» сыныбымен педагог –зерттеуші Нурбекова Гүлзат Рыскелдиевна бастауыш сынып мұғалімі қазақ тілінен ашық сабақ өтті
11.10.2024 «Синтаксис әлеміне саяхат» тақырыбында 4 «Б» сыныбымен педагог –зерттеуші Нурбекова Гүлзат Рыскелдиевна бастауыш сынып мұғалімі қазақ тілінен ашық сабақ өтті. Өз сабағын «Миға шабуыл» әдісі арқылы ребус шешкізе отырып сабақтың тақырыбын ашты. Сөйлем түрлері бойынша топқа бөлінді І топ- Хабарлы сөйлем , ІІ топ- Сұраулы сөйлем, ІІІ топ- Лепті сөйлем. «Ойлан,тап» ойыны 39-жаттығуда жай сөйлемдерді сөйлемнің айтылу мақсатына қарай сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді. Сергіту сәтінде «Сейф» ойыны арқылы. Жасырынған сөздерді жылдам табуға тапсырма берілді. /қалам, сабақ, парта, білім, еңбек, талап/ . «Адасқан сөздер» ойыны 40-жаттығуда сызбаны толықтырды. «Өз біліміңді тексер!» тест тапсырмалары беріліп оқушылар білімдері пысқтады. Шығармашылық тапсырмада сызба бойынша сөйлем құрады. Кері байланыс парағына өз көңіл күйлерін стикерге жазып кестеге жапсырды. 1.Не үйрендім? 2.Не қиын болды? 3.Не ұнады? (Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып жабыстырады) Сабақ қызықты да, шығармашылық тапсырмаларға толы болды.