«Ежелгі Египет пирамидалары қалай салынды?» тақырыбында педагог-зерттеуші Байказакова Орынкуль Телкараевна 5 «Е» сыныбымен ашық сабақ өтті.
15.10.2024 ж күні «Ежелгі Египет пирамидалары қалай салынды?» тақырыбында педагог-зерттеуші Байказакова Орынкуль Телкараевна 5 «Е» сыныбымен ашық сабақ өтті. «Айналмалы шеңбер » әдісі арқылы арқылы өткен тақырыпқа пысықтау жүргізді. «Ой салу» әдісі арқылы оқушылардың назарына Египет пирамидаларына виртуалды саяхат жасаумен бастап және видеосы ұсынылып, сұрақ-жауап алынды. Топтық жұмыс әдісі арқылы әр топ өз атауына сәйкес видео көріністен ақпараттарды жинақтап, « Гүл» статегиясы арқылы қорғады. Жұптық жұмыс «Қызықты дерек»- бойынша тапсырма орындады. Жеке жұмыста Тоpiq.kz платформасында тапсырма орындады. «Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша оқушыларға қорытынды сұрақ қойылып, жауап алынды. Кері байланыс ««Банкомат» әдісі арқылы жасалды. Сабақ шығармашыл ізденіске толы болып өтті.