«Әлемнің жаңа жеті кереметі» тақырыбында 6 «А» сыныбына педагог-шебер Мустафина Бибинур Акназаровна қазақ тілі сабағынан ашық сабақ өтті
15.10.2024 ж күні «Әлемнің жаңа жеті кереметі» тақырыбында 6 «А» сыныбына педагог-шебер Мустафина Бибинур Акназаровна қазақ тілі сабағынан ашық сабақ өтті. Би қимылдарын бірге қайтала деп оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятты. Жеті кереметтің суреттері арқылы топқа бөлінді. Топтық жұмыс 1-топ:Адам – табиғаттың баласы, өйткені ол – табиғаттың бір бөлігі.Адам – табиғатты билеп төстеуші, бағындырушы. 2-топ:Ежелгі адамдар табиғат құбылыстарынан қорғап, соларға табынған. Тұрмыс заттары, құбылыстар, қолжазбалар, кітаптар, монеталар – «тарихи ескерткіштер».3-топ:Тарих – адамдардың өткен өмірі туралы ғылым. Тақырыптарында пікір таласып өз ойларын ортаға салып бөлісті. Жеке жұмыс тыңдалған мәтін бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыра өз ойын жеткізді. Топтық жұмыс«Сөз-Бәйге!». Шарты: үш топқа бөлінді 3 минут ішінде еліміздегі бірге жазылатын қала, елді мекен атауларын айтты. Кері байланысты «Ақылды үкілер» әдісі арқылы тиімді кері байланыс жасады.