Мектебіміздің педагогтері арасында "Адал ұстаз" мектепішілк конкурсы өтті.
Біртұтас тәрбие аясында Республика күні мерекесіне арнап мектебіміздің педагогтері арасында "Адал ұстаз" мектепішілік конкурсы өтті. Конкурс мақсаты-білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік орта қалыптастыру, тәжірибелерімен танысу. Конкурсқа әр бірлестіктен бір мұғалімнен қатысты. Орыс тілі мен әдебиет пән мұғалім Нуркасымова Раушан Талгатовна, қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Әлібекова Назерке Асхатқызы, биология пән мұғалімі Досқалиева Гүлден Биғалиқызы, информатика пән мұғалімі Шаріпханова Ақбота Ерланқызы, тарих пән мұғалімі Сейдахметова Гульбану Жанболатовна, бастауыш сынып мұғалімі Даурен Мөлдір Дауренқызы, музыка пән мұғалімі Ербол Март қатысып өз тәжірибелерімен бөлісті. Аудандық конкурсқа жолдаманы қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Әлібекова Назерке Асхатқызы алды.