“Баланың бас ұстазы - ата-ана"
Мектебіміздің педагог психологы Жұмахмет Ұлмекен 1 “г” сынып оқушыларының ата-аналарына “Баланың бас ұстазы - ата-ана” атты жиналысқа қатысып, ата-аналарға бала тәрбиесі, бала психологиясы туралы кеңестер айтып өтті. “Есімдер аллитерациясы” жаттығуын, “Адам өз өмірінің суретшісі” тренингтерін өткізіп, мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты жандандырды.