Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай, қазақ тілі
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің. Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,---- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді. Бүгін мектебімізде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Арыстанова Гулбаршын апайдың ұйымдастыруымен, кезекші сынып оқушыларымен "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты әдеби -сазды кеш өткізілді.