Қарттарым асыл қазынам
Қарттар күні – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін ерекше құрметтеудің, сондай-ақ қарттарға қолдау көрсету, олардың тұрмысын жақсарту мен өмір сүру ұзақтығын арттыру сияқты мәселелерге назар аударудың символы. Осы мақсатта, мектебіміздің 10 Б сынып оқушылары, сынып жетекшісі Арман Ергеновнамен бірге, ауданымыздағы қария, 98 жасқа келген Бутунбаев Рысбек атаның үйіне барып, мерекесімен құттықтап қайтты.