Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №179 жбб мектебі, тарих пән бірлестігінің 09– 20.12.24 ж аралығында өткізілген «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» атты онкүндігі
12
декабрь
2024

№179 жбб мектебі, тарих пән бірлестігінің 09– 20.12.24 ж аралығында өткізілген «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!» атты онкүндігі

 09.12.24 ж – Тәуелсіздік ұғымын ұлықтау, мереке күнімен құттықтау мақсатында, «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік!» тақырыбында оқушылардың әлеуметтік желілерге құттықтау -видеороликтері жүктеліп, челлендж ұйымдастырылды.  

 11.12.24 ж. Тарих пәні мұғалімі Мырзагелді Айдананың 5 Ә сыныбымен «Неліктен Ежелгі Үндістанда индуизм басым болды?» тақырыбында ашық сабағы өтті. 

Сабақ барысында мұғалім сабақтың тақырыбы мен міндеттерін атап өтті. Баяндама презентация түріндегі көрнекі интерактивті материалмен сүйемелденді. Сабақтың екінші жартысында білім алушылар жұптық, топтық, жеке жұмыстардан құралған тапсырмаларды орындады. Білім алушылар төрт топқа бөлініп, әр топ «венн» диаграммасында индуизм мен буддизмнің ерекшеліктері және ұқсастықтарының дұрыс орналасуын анықтауға арналған тапсырма бар постер берілді. «Ақиқат-Жалған» ойыны өткізілді, онда балалар белгілі бір факт туралы өз көзқарастарын негіздеуі керек. Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырды.

Сабақ бір жағынан - бағдарламалық материалды саналы және берік игеруге, екінші жағынан - оқушылардың шығармашылық белсенділігін, олардың тапқырлығын, қызығушылығын дамытуға және белгілі бір дүниетанымды қалыптастыруға ықпал етті. Сабақтың мазмұны көрсетілген тақырыпқа толық сәйкес келді.

12.12.24 ж. тарих пән мұғалімі, сарапшы санатындағы Сейдахметова Гүлбану 10 «А» сыныбында  «Адамның шығу тегі теориясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: адамның пайда болуының қазіргі теорияларын анықтау, белгілі бір теорияның пайдасына дәлелдер келтіру. Сынып оқушылары шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып, өз тұжырымдарына  тарихи  фактілер келтіре отырып дәлелдеді. Топаралық бағалау жүргізе отырып, қай теорияның шындыққа келетіні туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, сабақты қорытындылады. 




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: