Инклюзивті - білім беру өмір қажеттілігі » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Инклюзивті - білім беру өмір қажеттілігі
29
апрель
2021

Инклюзивті - білім беру өмір қажеттілігі

Инклюзивті білім беру өмір қажеттілігі
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе инклюзивті білім беру жүйесі. Мемлекетіміз ерекше қажеттілігі бар жандарды әлеуметтік ортағы кіріктіруге, оңалту жұмыстарын жүргізуге, білім алу мен жұмыспен қамтуға қолдан келгенше жағдай жасалуда.
Инклюзивті білім беру идеяларын алға жылжыту қоғам өміріне ізгіліктілік идеяларын енгізіп, балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқытудың жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді. Өз мектебімізде ерекше дамуы бар оқушыларға инклюзивті білім беру жүйесі 2017-2018 оқу жылынан бастау алды.
Менің жұмысымның көздейтін мақсаты баланың сөйлеу тілі мен таным қабілетін жеке ерекшеліктерін ескере отырып дамыту арқылы балаларды әлеуметтік ортаға кіріктіруге мүмкіндік береді. Ондай мүмкіндікті тудыру көп ізденіс пен тәжірибені талап етеді. Өзімді ізденіс пен даму жолында жүрген жас маманмын деп толық айта аламын.
Сондай-ақ, өз тәжірибемде байқағынымдай ерекше оқытуды қажет ететін оқушылармен жетістікке жетіп, нәтиже көрсетудің бірден-бір жолы баланың жеке ерекшеліктерін көре білу. Мектебімізде заманауи үлгіде жабдықталған компьютерлер, мобильді сыныптар тағы басқа ресурстар бар. Балалармен жеке және топтық сабақтарда электронды оқу жүйесін қолданамыз.

 

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: