"Бәріміз бірге оқимыз" жобасы » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
апрель
2021

"Бәріміз бірге оқимыз" жобасы

Мақсаты: Мектеп ұжымын, ата-аналар, оқушыларды  кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, оқырмандардың назарын кітапқа аударту, кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар - ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу, оқырмандарды жаңа кітаптармен  және жаңа авторлармен таныстыру. Кітапхананы балалар үшін мейірімді, рухани, ақпараттық,  танымдық орталық ету.

            Жобаның негіздемесі: Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарын іске асыру,білімді де білікті, өз ұлтының патриотын тәрбиелеу, сондай – ақ оқырмандарды кітапты құрметтей білуге баулу, кітапқа деген құштарлығын арттыру, көркем әдебиетті оқуға ынталандыру болып табылады.

            Жобаның басты миссиясы: балаларды кітаптарды көбірек оқуға, ең жақсы кітаптарды дұрыс таңдай білуге үйрету,бір -  бірімен пікір талас туғызу.

       Сондықтан  қазіргі кезде кітап оқуды жандандырып,оқуға тарту арқылы балалардың теледидар мен компьютер, ұялы сымтетік алдындағы уақытын шектеу өзекті болып отыр.Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз керек. Оқырмандарды қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп  табу.Балалардың білімді де саналы болып өсуіне біздің мектепте  барлық мүмкіндіктер жасалған. Мектебімізде  кітапхана жұмыс істейді. Бұл жоба бойынша балалардың бос уақытын кітап оқуға жұмсауды үйрету  үшін мектеп  кітапханамен бірлесіп  жұмыс жүргізуде

 

 

 

  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: