Педикулез ауруын алдын алу » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
апрель
2024

Педикулез ауруын алдын алу

Педикулез – кең таралған паразиттік ауру, оның қоздырғышы қан соратын жәндіктер – биттер. Ауру тұрмыстық қатынастар арқылы, науқастың жеке заттарын қолданған кезде жұғады.

Аурудың алғашқы белгісі – қышу, бұл қан сору кезінде теріге енетін биттердің сілекейіне аллергиялық реакцияның нәтижесі.

Әрбір нақты науқаста педикулезді емдеу эпидемияға қарсы іс-шаралармен бір мезгілде жүзеге асырылуы тиіс (бас киімдерді, киімдерді, төсек-орын жабдықтары мен үй-жайларды дезинсекциялау және т.б.). Жәндіктерді жою паразиттерге қарсы құралдармен жүзеге асырылады. Өңдеу, тазарту науқастың басына ғана емес, оның заттарына да қажет. Барлық тірі даралар мен сіркелер киімнен, төсек-орыннан, жеке заттардан жойылу керек. Әдетте науқастың денесіндегі биттерді жою қиын емес. Денеден де, заттардан да барлық сіркелерді алып тастау әлдеқайда маңызды. Сонымен қатар, қайта жұқтыруды болдырмау үшін инфекция көзін анықтау маңызды.

Мынадай алдын алу іс-шаралары туралы еске саламыз:

- ойындар мен басқа да іс-шаралар кезінде бастардың түйісуін болдырмау;

- бас киім, шарф, пальто, тарақ, құлаққаптар және шаш аксессуарлары сияқты жеке заттарды алмасып қолданбау;

- киімді ортақ шкафтарда сақтаудан аулақ болу;

- жеке гигиенаны тұрақты және мұқият сақтау;

- тек өзіңіздің жеке заттарыңыз бен бас киімдеріңізді пайдалану;

- апта сайын төсек-орын төсеніштерін ауыстыру;

- бассейнде резеңке бас киім қолдану. 
Мектебімізге Алматы қаласының № 21 қалалық емханасынан дәрігер Назгуль Маратқызы келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: