Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025 жылдың 1 сәуірінде 2025-2026 оқу жылына бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады.
22
май
2025

2025 жылдың 1 сәуірінде 2025-2026 оқу жылына бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады.

🎒 2025 жылдың 1 сәуірінде 2025-2026 оқу жылына бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады.

🎒 2025 жылдың 1 сәуірінде 2025-2026 оқу жылына бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады.

✍🏻 Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. 

🏫 ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір - 31 тамыз аралығында тапсыруға болады. 

🔹 Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1)ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3)өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)

✔ Шетел азаматтары үшін:
Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.

📌 Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

🧑‍🧑‍🧒‍🧒 Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз! 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: