Бірінші сыныпқа қабылдау 2023-2024 оқу жылы » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірінші сыныпқа қабылдау 2023-2024 оқу жылы
31
март
2023

Бірінші сыныпқа қабылдау 2023-2024 оқу жылы

Хабарландыру
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
​Жаңа 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында электрондық форматта қабылдау жұмысы www.egov.kz порталы арқылы өтеді. Өтініш беру туралы бейненұсқаулық www.egov.kz порталында көрсетілген. Қызмет тегін көрсетіледі.
​1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Қандай құжаттар қажет?
​Төмендегі құжаттарды сканерлеу қажет және түп нұсқасын мектепке өткізу қажет:
Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; (2 дана)
Баланың 3*4 фотосуреті – (2 дана)
Баланың денсаулық паспорты (063, 026/у-3 формасы);
Ата-анасының жеке куәлік көшірмелері.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: