Хабарландыру » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2022

Хабарландыру

 Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі.
1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды.
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz порталы арқылы беруге болады.
📍Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
📍Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
📍«Бала денсаулығы паспорты»;
📍3х4 көлеміндегі 2 фото.



Бірінші сыныпқа қабылдаудың басталуы жайлы

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап қаланың бірінші сыныптарына қабылдау басталады. Мемлекет меншігіндегі орта білім беру ұйымдарына қабылдау электрондық нұсқада https://egov.kz/ электрондық үкімет порталында жүргізіледі.

Бастапқы білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына қарасты жерде тұратын барлық алты жасқа толған балаларды және ағымдағы жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды іске асырады.

Бірінші сыныпқа тіркеу  ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізіледі.

Қызмет тегін көрсетіледі.

 

 

 

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: