"Сенім бұрышы " болғаны дұрыс па?! » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сенім бұрышы " болғаны дұрыс па?!
22
январь
2024

"Сенім бұрышы " болғаны дұрыс па?!

Мектепте "Сенім бұрышы " болғаны дұрыс па?! "Сенім бұрышы " дегеніміз не? Оның оқушыларға пайдасы бар ма? деген тақырып аясында 10”Ә” сыныбымен пікір талас өткізіліп, оқушылар өзінің ойын айтты.
Пікір талас барысында оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Сенім бұрышын қолдану үлгісі:
1. Арнайы ұсынысымызды, өтініш-тілегімізді хат үлгісінде жеткізуімізге болады. Аты-жөніңізді көрсету маңызды емес.
2. Сабақ өткізу әдістемесі ұнамайтын ұстазға жасырын түрде хат жолдауға болады. Мақсатыңыз мұғалімді даттау емес, өз мүмкіндігіңізді айқындау немесе қызығушылығыңызды таныту болғаны дұрыс.
3. Жоғары сыныптағылардың әлімжеттік жасап жүргенін байқасаңыз, өз басыңыздан әлімжеттікті өткерсеңіз, міндетті түрде жазыңыз. Өйткені, қоғамға ондай бұзақылық қажет емес. Мұндай жағдайдың өзінде кейіпкердің атын атамай, жай ғана жүйенің бар екенін көрсетсеңіз жеткілікті.
4. Мектеп ішінде өткізілуге тиісті бағдарламалар, би кештерінің үлгілерін салуыңызға да болады. Сіз белсенді емес шығарсыз. Алайда, қабілетіңізді, талантыңызды танытуға жол бар. Сіздің жоспарыңыз орындалуы керек.
5. Білім беру үрдісіне жаңалық қосуыңызға да болады. Өзіңіз қатысқыңыз келетін арнайы үйірмелер тізімін жасақтап, сенім жәшігіне жол тартыңыз. Арнайы пәндер қатарына тағы да қосымша оқығыңыз келетін таңдау пәніңізді өткізуін талап ете аласыз.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: