«Мамандық – мерейің» » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
январь
2024

«Мамандық – мерейің»

«Мамандық – мерейің» кәсіптік бағдар беру жұмысы
Мамандық таңдау – бұл өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау, кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өзіннің бейімділігін мен қабілетіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына байланысты. Сол себепті мамандық таңдау оңай емес. Осыған орай 2024 жылдың 17 қаңтар күні мектеп психологы Үмбетова Динара Жолдыбаевна мен кәсіптік бағдар беруші Тайгелтір Перизат Әлібекқызы 9 сынып оқушыларымен болашақ мамандық таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына көмектесу мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында Алматы қаласындағы бірнеше колледждер туралы, онда оқытылатын мамандықтар туралы мәлімет берумен қандай мамандықтар бар екенін және ол мамандық үшін не керек екенін егжей-тегжейін түсіндірді. Мамандықты жақсы немесе жаман деп бөлуге болмайтынын, сұранысы төмен мамандықты оқып, жұмыс таба алмай отырғандарын, белгілі бір кәсіпті меңгеріп, өз ісінің шебері атанып, өмір жолын табуға болатынына , махаббатпен істелген жұмыста ғана нәтижелі болып, ерекше құлшыныспен істелетініне тоқталды. Кездесу барысында тақырыпқа сай видеолар көрсетілді.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

19 декабрь 2023 «Кәсіби бағдар»
19 декабрь 2023 «Кәсіби бағдар»
05 апрель 2022 Кәсіптік бағдар