Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі
09
ноябрь
2023

Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі

2023 жылдың 08.қарашасы күні Алатау ауданы №179 жалпы білім беретін мектебінде Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі болып өтті.

«Махамбет оқулары байқауының мақсат-міндеттері:

-Мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік    туындыларын насихаттау.

-Олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи санасы мен танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана–сезімдерін ,өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

-Тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысын үйрету, түсініктерді деректермен, дәйексөзбен дәлелдеуге жаттықтыру.

-Дарынды балаларды анықтау, қолдау.

-Әдеби мұралардың жүйелі оқылуын жолға қою.

-Бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру

Байқау 5 номинациядан тұрады:

1-бағыт. «Ұлы арман» -Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу

2-бағыт. «Ел құтқарар ер едім» -Махамбет шығармаларын жатқа оқу байқауы

3-бағыт «Шашақты найза, шалқар күй» -Махамбет күйлерін орындаушылар байқауы

4-бағыт «Тартынбай сөйлер асылмын» жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу сайысы

5-бағыт «Біз неткен ер, неткен ер .Сергелдеңмен өткен ер» -«Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.

«Махамбет оқулары» байқауына Алатау ауданының 30 мектебінен оқушылар қатысты. Байқау соңында өз білімі мен өнерін көрсеткен оқушылар  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталды.

 Байқау нәтижесі бойынша жүлделі І орынды №152 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Жамелова Аида, жетекшісі Сулейменова Фарида Нүсібалиевна,  «Ұлы арман» -Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу номинациясы бойынша ,

№152 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Кожаева Фируза , жетекшісі Оспанова Ақбота Ахметжановна, «Ел құтқарар ер едім..» -Махамбет шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша,

 №26 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Азатбай Ади, жетекшісі Жақанова Назым «Шашақты найза, шалқар күй» -Махамбет күйлерін орындау номинациясы бойынша,

  №182 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Оңғарбай Перизат, жетекшісі Адешова Нурила      Қалданқызы, «Тартынбай сөйлер асылмын...» -Жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу номинациясы бойынша ,

 «Біз неткен ер, неткер ер? Сергелдеңмен өткен ер..» Жоба қорғау номинациясы бойынша №196 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Ерғалиқызы Дариға жетекшісі Жәкі Жанат ,«Тартынбай сөйлер асылмын...» -Жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу номинациясы бойынша иеленіп, байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: