"Жырлайды жүрек" » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
февраль
2022

"Жырлайды жүрек"


   

№179 жалпы білім беретін мектебімізде
қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына орай ұйымдастырылған "Жырлайды жүрек" байқауының аудандық кезеңі болып өтті.
Конкурстың мақсаты - кәсіби құзыреттілігі жоғары, талантты, шығармашыл
педагогтерді анықтау, оларға қолдау көрсету, сонымен қатар мұғалімдер арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау. Конкурстың негізгі міндеттері: конкурсқа қатысушылардың кәсіби шеберлігінің шыңдалуына ықпал ету, педагогтердің кәсіби қарым-қатынасын ұйыымдастыра отырып, шығармашылық идеялар мен инновациялық тәжірибемен алмасу, педагогтердің поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің
құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білу.
Байқауға Алатау ауданының
мектептерінен 23 үміткер қатысты.
Байқау үш номинациядан тұрды:
V 1. "Айтып өткен ақында арман бар ма?"
V 2. "Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…". V 3. "Жырлайды жүрек…" деп аталатын номинациялар бойынша байқауға қатысушылар Мұқағалидың өлеңдерін жатқа айтудан, өлеңдеріне жазылған
әндерді орындаумен қатар өздерінің ақынға арнаған арнау өлеңдерін оқудан жарысқа түсті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: