"Адал ұстаз" байқауының мектепішілік кезеңі » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Адал ұстаз" байқауының мектепішілік кезеңі
16
ноябрь
2022

"Адал ұстаз" байқауының мектепішілік кезеңі

14.11.2022 күні №179 жалпы білім беретін мектебінде қалалық білім беру ұйымдарының
педагог қызметкерлері арасында өткізілетін
"Адал ұстаз" байқауының мектепішілік кезеңі болып өтті. Байқаудың мақсаты – кәсіби құзыреттілігі жоғары, талантты, шығармашыл педагогтерді анықтау, оларға қолдау көрсету, сонымен қатар педагогтердің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі үшін оған қарсы көзқарасты қалыптастыру. Байқауың негізгі міндеттері:
мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін нығайту;
педагогтің адамгершілік және азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
байқауға қатысушылардың кәсіби шеберлігінің шыңдалуына ықпал ету;
көшбасшылық, прагматизм, бәсекеге қабілеттілік қасиеттерін анықтау;
педагогтердің озық тәжірибесін анықтау және әдістемелік материалдардың электронды қорын қалыптастыру;
педагогтердің кәсіби қарым-қатынасын ұйымдастыра отырып, шығармашылық идеялар мен инновациялық тәжірибемен алмасу;
педагогтердің инновациялық тәжірибесі туралы деректер қорын толықтыру;
сыбайлас жемқорлықтың қандай түріне болмасын қарсы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Байқау нәтижесі бойынша бастауыш сынып мұғалімі Кереева Ақмарал І орынды иеленіп, байқаудың аудандық кезеңіне жолдама алды.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: