Жалпы ата-аналар жиналысы 2023-2024 оқу жылы » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы ата-аналар жиналысы 2023-2024 оқу жылы
20
сентябрь
2023

Жалпы ата-аналар жиналысы 2023-2024 оқу жылы

2023-2024 оқу жылының 20 қыркүйек күні мектебімізде 5-11 сыныптардың ата-аналарына арналған Жалпы жиналыс болып өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселе:
1. Әр отбасындағы бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі.
2. Оқушылардың жалпы қауіпсіздік ережелері туралы.
3. Мектептің ішкі тәртібі мен ережелері.
Жиналыстың мақсаты:
1.Әр отбасының бала тәрбиесіндегі рөлінің маңызын арттыру. Баланың жағымды әдеттер мен құнды қасиеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
2. Оқушы қауіпсіздігіне байланысты жалпы ережелерді ата- аналарға кеңестер беру.
3. Мектеп ережесі мен ішкі тәртібі туралы ата-аналарға түсіндіру.
Мектептегі тәрбие жұмысы ата-аналармен бірлесе жүргізілгенде ғана нәтижелі болатындығы баршамызға белгілі. . Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Осы орайда ұйымдастырылып отырған Жалпы ата-аналар жиналысына Қарасу ықшам ауданы Жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің өкілі Талдыбаева Кенжехан Нуртазаевна, №179 жалпы білім беретін мектептің инспекторы аға лейтенант , полиция қызметкері Кожаков Алибек Батырбекович, Қарасу ықшам ауданының Учаскелік полиция қызметкері Тұрысбек Аманжол Тұрысбекұлы қатысып, балалардың қозғалыс құралдарын (мопед, велосипед, самокат) жүргізудегі қауіпсіздік ережелері туралы ,оқушылардың мектептен тыс уақыттағы қауіпсіздігі мен ережелерді сақтауы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.. Сонымен қатар мектеп директоры Иманбекова Шара Талғатқызы сөз сөйлеп, мектептің ішкі тәртібі мен ережелерін ата-аналарға таныстырып өтті.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: