Ата-аналар жиналысы. » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
сентябрь
2022

Ата-аналар жиналысы.

 

 Мектебімізде 9-10-11 сынып оқушылары ата-аналарына жалпы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты орнату мақсатында баяндамалар оқылып, мектеп психологы Жумахметова Ұлмекен тренинг жүргізді. Ата-аналармен сұрақ жауап жүргізу барысында түрлі мәселелер қозғалып, өзара пікір алмасты. 

Мақсаты:

Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады.

Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: