Ата-аналар жиналысы.
Мектебімізде 2-сынып оқушылары ата-аналарына жалпы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты орнату мақсатында баяндамалар оқылып, мектеп психологы Жумахметова Ұлмекен тренинг жүргізді. Ата-аналармен сұрақ жауап жүргізу барысында түрлі мәселелер қозғалып, өзара пікір алмасты.
Мақсаты:
Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады.
Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады