Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 -Наурыз "Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс  күні"
25
февраль
2025
1 -Наурыз "Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні"
Алатау ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы 1 -Наурыз  "Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс " күніне орай 25 - Ақпан 2025 жылы авариялық-құтқару  жабдықтарымен танысып, Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындықты арттыру мақсатында Қарасу ықшам ауданында орналасқан № 3 Өрт сөндіру бөлімшесіне бекітілген кестеге сәйкес "Ашық есік" күніне мектебіміздің 10- сынып оқушылары  барып, авариялық-құтқару жұмыстарымен танысып қайтты
"80 жыл – бейбіт көктем, таң атқалы"
18
февраль
2025
"80 жыл – бейбіт көктем, таң атқалы"
80 жыл – бейбіт көктем таң атқалы 80– жыл – шуақты күн таратты әнін, Талай құс содан бері қайта оралды, Талай бақ әлеміне қайта оранды. Соғыста өлгендер тек оралмайды, Тек ұрпақ айтады әнді олар жайлы. 80 жыл жауыздықтың ажал оғы, Біздің елдің үстінен ұшпағалы. Мектебіміздің 10 сынып оқушылары Панфилов паркіндегі Мәңгілік алауға барып,  гүл-шоқтарын қойып қайтты. 
“Адалдыққа 100 қадам”
13
февраль
2025
“Адалдыққа 100 қадам”
Мектебіміздің *Адал ұрпақ* ұйымы “Әділдік пен адалдық – адам болмысының негізі” деп бекер айтылмаған.  “Адалдыққа 100 қадам” челленджін ұйымдастырды.  Челлендждің мақсаты – өзіміздің әрбір іс-әрекетімізде адалдықты сақтау, әділ болу және қоғамға үлес қосу. Әр қадам – жаңа тәжірибе, жаңа көзқарас. Әрбір адал іс, әрбір дұрыс әрекет болашаққа нық қадам басуға мүмкіндік береді.
"Қызметкерлермен оқушыларды жер сілкінісі және өрт қауіпсіздігі кезіндегі жаттығу"
12
февраль
2025
"Қызметкерлермен оқушыларды жер сілкінісі және өрт қауіпсіздігі
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспардан тыс, Алатау ауданына қарасты №179 ЖББМ мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2025 жылы 12 ақпан  күні « Қызметкерлермен оқушыларды жер сілкінісі және өрт қауіпсіздігі кезіндегі жаттығу » және  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Мектебіміздің  1-11 сынып оқушылары толық қатысты.
Профориентациялық жұмыс
06
февраль
2025
Профориентациялық жұмыс
Мектебімізге Алатау ауданы бойынша Алғашқы әскери дайындық кураторы Ербосынов Қайрат Игиликович , Узихан Еркежан және мектебіміздің 2022- 2023 жылғы мектеп түлектері Наби Дінмухамед, Фазылов Ернур  келіп 10-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Мақсаты: 10-11 сынып оқушыларын әскери қызметтер мен міндеттер туралы түсіндіру
"Мұқағали әлемі"
06
февраль
2025
"Мұқағали әлемі"
06.02. 2025 ж күні 5-8 сынып оқушылары арасында "Мұқағали әлемі" тақырыбында сурет көрмесі өтті Мұқағали Мақатаев – қазақтың ұлы ақыны, әдебиетіміздің көрнекті өкілі. Оның туған күніне арналған сурет көрмесі ақын шығармашылығын насихаттау, оның поэзиясындағы терең ойларды бейнелеу және көрермендерге рухани әсер сыйлау мақсатында ұйымдастырылады.
«Жұмысшы мамандықтарының жылы»
05
февраль
2025
«Жұмысшы мамандықтарының жылы»
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялануына орай ұйымдастырылған   "Экология және біз" акциясы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялады.  Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Осыған орай 2025 жылдың 5 ақпан күні Принтмедиа технологиялар колледжіннің ұйымдастыруымен, кәсіптік бағдар
"Есірткіге жол жоқ"
04
февраль
2025
"Есірткіге жол жоқ"
Есірткі – бұл қоғамымызға қауіп төндіретін ең күрделі мәселелердің бірі. Ол тек жеке адамның денсаулығына ғана емес, отбасына, айналасына, тіпті елдің болашағына үлкен зиян келтіреді. Есірткіге тәуелділік – өмірдің бақытсыздыққа ұрындырушы жолы. Осы мақсатта мектеп оқушыларына "Есірткіге жол жоқ" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.        Есірткіден бас тарту – өзіңнің денсаулығыңды сақтап, армандарыңды жүзеге асыру үшін маңызды қадам. Әрқайсысымыз өз өміріміздің иесіміз. Сондықтан
Дүниежүзілік сайлау күні
03
февраль
2025
Дүниежүзілік сайлау күні
N179 жалпы білім беретін мектепте 6- ақпан Дүниежүзілік сайлау күнінен орай 5-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. 
"Адал ұрпақ"
03
февраль
2025
"Адал ұрпақ"
1. Адал болу дегеніміз не?  2. Адал адам қандай болады?  3. Адал болу не үшін маңызды?  4. Адал болу қиын ба? Неге?  5. Сен өзіңді адал адаммын деп есептейсің бе? 6. Қандай жағдайда адалдық таныту керек?  7. Егер сен біреуге өтірік айтып қойсаң, не істер едің?  8. Біреуге берген уәдеңді орындау адалдыққа жата ма?  9. Досың қателесіп біреуге зиян келтірсе, оған адал болу үшін не істер едің?  10. Адал болмаудың қандай салдары болуы мүмкін? Мектебіміздің “Адал ұрпақ” ұйымы 3-4 сыныптар арасында