"Балалар кітапханасы"
№179 жалпы білім беретін мектеп кітапханасы "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында "Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында, қысқы демалыста уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, бастауыш және басқа сынып оқушылары "Мен қыста кітап оқимын, жадыма тоқимын " атты видео челендж ұсынды. Мақсаты:Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге,тіл байлығын арттыруға ықпал ету.