Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2026

«Мамандықтар жәрмеңкесі»

Адам өміріндегі ең маңызды екі таңдау бар десек, соның бірі — мамандық таңдау. Бұл тек қана жұмыс табу емес, бұл — өз тағдырыңды қалыптастыру, қоғамға пайдаңды тигізу және бақытты болашақтың іргетасын қалау. Бүгінгі таңда елімізде кәсіптік білім беруге, жас мамандардың қалыптасуына үлкен көңіл бөлінуде. Осы мақсатта мектебіміздің табалдырығында үлкен өмірге жолдама алар алдында тұрған шәкірттер үшін маңызды шара — «Болашаққа бағдар: Мамандықтар жәрмеңкесі» атты  жәрмеңке өткізілді.  Жәрмеңкеге 8,9,10 оқушылары қатысып, өздеріне қажетті ақпараттарын ала алды. Қазіргі заман — білекке емес, білімге сенетін, техника мен технологияның қарыштап дамыған заманы. Сондықтан бүгінгі жәрмеңкеде ұсынылған әрбір ақпарат, әрбір кеңес білім алушылардың ертеңгі жетістіктерінің бастауы болады деген сенімдеміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: