Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"80 жыл – бейбіт көктем, таң атқалы"
18
февраль
2025
"80 жыл – бейбіт көктем, таң атқалы"
80 жыл – бейбіт көктем таң атқалы 80– жыл – шуақты күн таратты әнін, Талай құс содан бері қайта оралды, Талай бақ әлеміне қайта оранды. Соғыста өлгендер тек оралмайды, Тек ұрпақ айтады әнді олар жайлы. 80 жыл жауыздықтың ажал оғы, Біздің елдің үстінен ұшпағалы. Мектебіміздің 10 сынып оқушылары Панфилов паркіндегі Мәңгілік алауға барып,  гүл-шоқтарын қойып қайтты. 
“Адалдыққа 100 қадам”
13
февраль
2025
“Адалдыққа 100 қадам”
Мектебіміздің *Адал ұрпақ* ұйымы “Әділдік пен адалдық – адам болмысының негізі” деп бекер айтылмаған.  “Адалдыққа 100 қадам” челленджін ұйымдастырды.  Челлендждің мақсаты – өзіміздің әрбір іс-әрекетімізде адалдықты сақтау, әділ болу және қоғамға үлес қосу. Әр қадам – жаңа тәжірибе, жаңа көзқарас. Әрбір адал іс, әрбір дұрыс әрекет болашаққа нық қадам басуға мүмкіндік береді.
"Қызметкерлермен оқушыларды жер сілкінісі және өрт қауіпсіздігі кезіндегі жаттығу"
12
февраль
2025
"Қызметкерлермен оқушыларды жер сілкінісі және өрт қауіпсіздігі
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспардан тыс, Алатау ауданына қарасты №179 ЖББМ мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2025 жылы 12 ақпан  күні « Қызметкерлермен оқушыларды жер сілкінісі және өрт қауіпсіздігі кезіндегі жаттығу » және  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Мектебіміздің  1-11 сынып оқушылары толық қатысты.
«Жасанды интеллект»
08
февраль
2025
«Жасанды интеллект»
«Жасанды интеллект» тақырыбында 08.02.2025 күні мектепішілік семинар өтті Семинардың негізгі мақсаты – жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының мүмкіндіктерін талқылау, оларды білім беру, күнделікті өмірде қалай қолдануға болатынын үйрету. Семинар барысында мұғалімдер Gemini, Canva және Google Drive платформаларымен жұмыс істеуді тәжірибе жүзінде үйренді. Оларға мәтін генерациялау, графикалық дизайн жасау және құжаттармен тиімді жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтар берілді.
"Жас ұлан" ұйым мүшелері #Кітапсыйла челенджі
07
февраль
2025
"Жас ұлан" ұйым мүшелері #Кітапсыйла челенджі
Мектебіміздің Жас ұлан ұйымының 5- сынып оқитын мүшелері #Кітапсыйлы челенджін жалғастырып, ары қарай өз достарына жолдады.
Профориентациялық жұмыс
06
февраль
2025
Профориентациялық жұмыс
Мектебімізге Алатау ауданы бойынша Алғашқы әскери дайындық кураторы Ербосынов Қайрат Игиликович , Узихан Еркежан және мектебіміздің 2022- 2023 жылғы мектеп түлектері Наби Дінмухамед, Фазылов Ернур  келіп 10-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Мақсаты: 10-11 сынып оқушыларын әскери қызметтер мен міндеттер туралы түсіндіру
"Ерте жүктіліктің алдын алу"
06
февраль
2025
"Ерте жүктіліктің алдын алу"
Мектептегі жасөспірім қыздар арасында психологиялық кеңес беру мақсатында директордың тәрбие -ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Абдекеева, мектеп психологі Умбетова Д.Ж мен 21 емхана психологі Абдримова Г.А бірлескен қыздар жиналысын өткізді. Жиналыс тақырыбы "Ерте жүктіліктің алдын алу" Мақсаты: Қыздарға ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Қыздар жиналысында көптеген тақырыптар қозғалды. Қыздардың мазалап жүрген сұрақтарына сұрақ - жауапта берілді.
"Мұқағали әлемі"
06
февраль
2025
"Мұқағали әлемі"
06.02. 2025 ж күні 5-8 сынып оқушылары арасында "Мұқағали әлемі" тақырыбында сурет көрмесі өтті Мұқағали Мақатаев – қазақтың ұлы ақыны, әдебиетіміздің көрнекті өкілі. Оның туған күніне арналған сурет көрмесі ақын шығармашылығын насихаттау, оның поэзиясындағы терең ойларды бейнелеу және көрермендерге рухани әсер сыйлау мақсатында ұйымдастырылады.
«Жұмысшы мамандықтарының жылы»
05
февраль
2025
«Жұмысшы мамандықтарының жылы»
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялануына орай ұйымдастырылған   "Экология және біз" акциясы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялады.  Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Осыған орай 2025 жылдың 5 ақпан күні Принтмедиа технологиялар колледжіннің ұйымдастыруымен, кәсіптік бағдар
" Асық ату"
05
февраль
2025
" Асық ату"
Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде,  Асық ату спорт түрінен 5-6 ұлдар арасында командалық есепте,  мектебіміздің  оқушылары жүлделі ІІІ орынға ие болды.   Жетекшісі:  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Таубаев Базарбай