Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алматы технологиялық университеті өкілдерімен кездесу
21
ноябрь
2024
Алматы технологиялық университеті өкілдерімен кездесу
Алматы технологиялық университеті өкілдерімен кездесу Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша 2024 жылдың 21 қараша күні Алматы технологиялық университетінің өкілі келіп,  мектебіміздің 11 сынып оқушыларына университет туралы, университетте атқарылатын жұмыстар мен грант иегері атану мүмкіндіктері туралы, университеттегі мамандықтар мен университеттің базасы туралы маңызды ақпаратпен бөлісіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
"Білім және мансап -2024" халықаралық білім көрмесі
20
ноябрь
2024
"Білім және мансап -2024" халықаралық білім көрмесі
20 -22-қараша күндері аралығында Алматы қаласында "Атакент-Экспо" павильонында "Білім және мансап-2024" халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Осы көрмеге мектебіміздің 9- сынып оқушылары мен сынып жетекшілер қатысып қайтты. Оқушылар бұл көрмеде Қазақстандағы және әлемдегі жоғары оқу орындары, грант ұтып алу мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат және басқа да мәселелер бойынша кеңес алды.          
«Біртұтас тәрбие»  бағдарламасы аясында,   «Бұлақ көрсең көзін аш» атты
14
ноябрь
2024
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, «Бұлақ көрсең көзін аш»
Отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды қолдау арқылы мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуін нағайту, отбасын біріктіру және ата-аналар мен балаларды бірлескен іс әрекетке тарту үшін жағдай жасау мақсатында «Біртұтас тәрбие»  бағдарламасы аясында,   «Бұлақ көрсең көзін аш» атты отбасылық сайыс өткізілді.   
*Адал дос*  атты қысқа метражды фильм көрсетті.
13
ноябрь
2024
*Адал дос* атты қысқа метражды фильм көрсетті.
Адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе. Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек.Адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады.  Осы мақсатта мектебіміздің *Адал
Әлем чемпионы  Зейнуллаева Аружан  Шалқарқызымен кездесу өткізілді.
11
ноябрь
2024
Әлем чемпионы Зейнуллаева Аружан Шалқарқызымен кездесу өткізілді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылыктарын арттыру, салауатты өмір салтына дәріптеу, ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматтарына қарап бой тузеуіне ұйытқы болу мақсатында мектебімізде әлем чемпионы Зейнуллаева Аружан Шалқарқызымен кездесу өткізілді.  
"Озық тәжірибе-  ортақ нәтиже"  атты мақаласы жарияланды.
05
ноябрь
2024
"Озық тәжірибе- ортақ нәтиже" атты мақаласы жарияланды.
Мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гулвира Раееваның "Білім айнасы" журналына "Озық тәжірибе- ортақ нәтиже" атты мақаласы жарияланды.    
“Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Жемқорлыққа жол жоқ!”
05
ноябрь
2024
“Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Жемқорлыққа жол жоқ!”
“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Қоғамдық қасіретке әкелетін бұл материалдық құндылықтар дағдарысынан шығу және оны жою дұрыс әрекет етуден туындайтынын ұғындыру.  
«Мамандық таңдау - болашақты таңдау»
21
октябрь
2024
«Мамандық таңдау - болашақты таңдау»
«Мамандық таңдау - болашақты таңдау» тақырыбында қазан айының 8-і күні 9 – сыныптарға адамның кәсіби өсу жолы мен мамандық таңдаудың 7 қағидасы туралы, әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екені және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отыратындығы туралы, олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болатындығы туралы, мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болатындығы туралы мәлімет берілді.            
Жалпықалалық сенбілік
19
октябрь
2024
Жалпықалалық сенбілік
Бүгін мектебізде жалпықалалық сенбілікке мектебіміздің ұстаздары және ата-аналары ат салыса қатысты.    
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
18
октябрь
2024
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.