Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
мектебіміздің ұстаздары ерікті түрде коронавирусқа қарсы "Спутник V вакцинасын салдырды.
17
март
2021
мектебіміздің ұстаздары ерікті түрде коронавирусқа қарсы "Спутник V
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің қолдауымен халықпен тікелей қарым-қатынаста қызмет жасайтын мемлекеттік қызметкерлерге, оның ішінде оқушылармен тікелей жұмыс жасайтын мектеп мұғалімдеріне тегін вакцина салу рәсімі жалғасуда. Осы орайда мектебіміздің ұстаздары ерікті түрде коронавирусқа қарсы "Спутник V вакцинасын салдырды. Ереже бойынша вакцина салдырмас бұрын дәрігерлік тексерістен өтіп, салдырғаннан кейін жарты сағат дәрігерлік бақылауда болды.    
"Директорлық сенбі - ата-ана үні" тақырыбында 9-сынып ата-аналармен онлайн жиналыс өтті.
13
март
2021
"Директорлық сенбі - ата-ана үні" тақырыбында 9-сынып ата-аналармен
13 наурыз 179 мектепте "Директорлық сенбі - ата-ана үні" тақырыбында 9-сынып ата-аналармен онлайн жиналыс өтті. Жиналыста оқушылар құқық бұзушылық жағдайы, мемлекеттік емтиханда тапсыратын пәндерге, кәсптік бағдар беру жұмыстарына тоқталды, ата-аналармен пікір алмасты.      
"Ана-гул, ана- өмір шуағы"  атты мерекелік кеш болып өтті.
05
март
2021
"Ана-гул, ана- өмір шуағы" атты мерекелік кеш болып өтті.
Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті. Осы мерекеге орай, мектебімізде 5-наурыз күні, 9- сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Ана-гул, ана- өмір шуағы" атты мерекелік кеш болып өтті. Мерекелеріңізбен құрметті арулар!!!!      
"ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС" КҮНІНЕ оқушыларымыз бейнероликтер дайындап және сейсможаттығулар жүргізілді.
02
март
2021
"ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС" КҮНІНЕ оқушыларымыз бейнероликтер
Алматы қаласы Алатау ауданы №179 жалпы білім беретін мектепте "ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС" КҮНІНЕ оқушыларымыз бейнероликтер дайындап және сейсможаттығулар жүргізілді. Мақсаты: Төтенше жағдайларда оқушылардың қауіпсіз өмір сүру дағдысы мен дағдыларын дамыту және жетілдіру, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс пайдалану.    
9- сынып оқушыларының 1- наурыз Алғыс айту күніне орай Ардагер ұстаздарды құттықтауы
26
февраль
2021
9- сынып оқушыларының 1- наурыз Алғыс айту күніне орай Ардагер
Елімізде "Алғыс айту күні" ҚР Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 жарлығымен бекітілді және жыл сайын 1- наурызда аталып өтіледі. Бұл мереке елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні болып саналады. Осы мерекеге орай мектебіміздің 9- сынып оқушыларымен бірге, ардагер ұстаздарымыздың үйіне барып өз алғысымызды білдіріп қайттық.