Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1- қазан Қарттар күніне орай,  10 сынып оқушылары, қарттарымыздың үйіне барып құттықтап қайтты.
01
октябрь
2021
1- қазан Қарттар күніне орай, 10 сынып оқушылары, қарттарымыздың
Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. 1- қазан Қарттар
№179 жалпы білім беретін мектептің ұстазы Ыбраимова Ляззат 4 б сынып оқушыларымен  "Ұстаздарға арнап " сыныптан тыс ашық сынып сағатын өткізді.
30
сентябрь
2021
№179 жалпы білім беретін мектептің ұстазы Ыбраимова Ляззат 4 б сынып
Оқушыларға ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білуге, бағалауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру мақсатында, №179 жалпы білім беретін мектептің ұстазы Ыбраимова Ляззат 4 б сынып оқушыларымен "Ұстаздарға арнап " сыныптан тыс ашық сынып сағатын өткізді.      
№179 жалпы білім беретін мектеп  медбикесімен бірге, 8- сынып қыздарына жиналыс өткізілді.
28
сентябрь
2021
№179 жалпы білім беретін мектеп медбикесімен бірге, 8- сынып
Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында, мектебіміздің медбикесімен бірге, 8- сынып қыздарына жиналыс өткізілді.            
№179 жалпы білім беретін мектеп  дәллізінде "Оқуға құштар "  бұрышы ұйымдастырылды.
25
сентябрь
2021
№179 жалпы білім беретін мектеп дәллізінде "Оқуға құштар " бұрышы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыр, Оқырман құзыреттілігі - шығармашылық, «автор-оқырман» диалогына қосыла білуі, кейіпкерлермен толғана білу, көркем туындының тілін түсінуге, сөйлеу құзіреттілігі - қазақ әдеби тілінің нормаларын білу; сөйлеу қызметінің негізгі түрлерін меңгеру, әртүрлі жанрда әдеби шығармашылық жұмыстар жаза білу
Адал Ұрпақ ұйымының 2021-2022 оқу жылындағы алғашқы жиыны өткізілді.
24
сентябрь
2021
Адал Ұрпақ ұйымының 2021-2022 оқу жылындағы алғашқы жиыны өткізілді.
Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мақсатында құрылған мектепшілік Адал Ұрпақ ұйымының 2021-2022 оқу жылындағы алғашқы жиыны өткізілді. 2020-2021 оқу жылының жылдық есебі беріліп, алдағы жоспарланған іс шаралар талқыланды. Адал Ұрпақ ұйымының төрайымы Асқар Ернұр "Адал Ұрпақ" қатарына қосылған жаңа оқушыларды ұйым жұмысымен таныстырды.      
«Қажымұқан –әлемдік бейне» тақырыбында жарыс өткізілді. Жарысқа 7-8 сынып оқушылары қатысты.
22
сентябрь
2021
«Қажымұқан –әлемдік бейне» тақырыбында жарыс өткізілді. Жарысқа 7-8
Алматы қаласы, Алатау ауданы № 179 ЖББ мектебінде «Ел жастары» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы шеңберінде мектепішілік «Қажымұқан –әлемдік бейне» тақырыбында жарыс өткізілді. Жарысқа 7-8 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты; Жас ұрпаққа, «Спорт-денсаулық кепілі» екенін ұқтырып, денсаулығымызды бағалауды үйрету.        
Мектеп дефектологы - Исаева Тоғжан және мектеп логопеді - Қорғанова Алтынгүлдің жеке түзету -дамытушылық сабақтарынан үзінді
20
сентябрь
2021
Мектеп дефектологы - Исаева Тоғжан және мектеп логопеді - Қорғанова
№179 жалпы білім беретін мектептің ерекше білімді қажет ететін оқушылармен мектеп дефектологы - Исаева Тоғжан және мектеп логопеді - Қорғанова Алтынгүлдің жеке түзету -дамытушылық сабақтарынан үзінді          
Ата-аналар  жиналысы өткізілді
18
сентябрь
2021
Ата-аналар жиналысы өткізілді
18.09.2021 ж күні мектебіміздегі аз қамтылған, көп балалы отабысыларының  ата-аналарымен жиналыс өткізілді.  Күн  тәртібінде :   Мемлекеттік білім  беру  мекемелерінің мемлекеттік  атаулы  әлеуметтік  көмек  алуға құқығы  бар  отбасылардан, сондай - ақ  мемлекеттік  атаулы  көмек  алмайтын,  жан  басына  шаққандағы  табысы ең  төменгі  күнкөріс деңгейінің  шамасынан  төмен  отбасылардан шыққан  білім  алушылары  мен тәрбиеленушілеріне  және  жетім  балаларға,  ата-анасының  қамқорлығынсыз
Құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында қыздар жиналысы өткізілді.
16
сентябрь
2021
Құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында қыздар жиналысы өткізілді.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы мақсатта бүгін мектебімізде қыздар жиналысы өткізілді.           
№179 жалпы білім беретін мектептің «Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымының ұйымдастырумен «Ұланбасы» сайлауы өтті.
15
сентябрь
2021
№179 жалпы білім беретін мектептің «Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымының
№179 жалпы білім беретін мектептің «Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымының ұйымдастырумен «Ұланбасы» сайлауы өтті. Ұланбасы сайлауға мектебіміздің 8,9-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өздерінің алға қойған мақсаттары мен жоспарларын ортаға салып, дөңгелек үстелде талқыланды. 8 «А» сынып оқушысы Қошан Алмат ұланбасына лайықты деп танып, бірауыздан сайланды.