«Мамандықтар жәрмеңкесі»
Адам өміріндегі ең маңызды екі таңдау бар десек, соның бірі — мамандық таңдау. Бұл тек қана жұмыс табу емес, бұл — өз тағдырыңды қалыптастыру, қоғамға пайдаңды тигізу және бақытты болашақтың іргетасын қалау. Бүгінгі таңда елімізде кәсіптік білім беруге, жас мамандардың қалыптасуына үлкен көңіл бөлінуде. Осы мақсатта мектебіміздің табалдырығында үлкен өмірге жолдама алар алдында тұрған шәкірттер үшін маңызды шара — «Болашаққа бағдар: Мамандықтар жәрмеңкесі» атты жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеге