Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жас жол инспекторлары»
29
апрель
2025
«Жас жол инспекторлары»
Алматы қаласы, Алатау ауданы білім беру ұйымдары арасында «Жас жол инспекторлары» жасақтарының аудандық кезеңі өтті.  Мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғаларыың алдын алу бойынша алдын алу жұмысын жүргізу, мүдделі мекемелерді, ұйымдарды және қоғамды тарту.  2025 жылы 29 сәуір күні аудандық сайысқа №179 метептің 8-ші  сынып оқушылары   қатысып,  "Велосипедті  мәнерлеп жүргізуші " номинациясына ие болды.   Бағдарлама автогородокта велосипедпен жүру, жол жүру ережелерінің
"Отан қорғау - қасиетті борыш"
24
апрель
2025
"Отан қорғау - қасиетті борыш"
Ұлы жеңістің 80 жылдығы мен Қазақстан Республикасы қарулы күштеріне 33 жыл толуына орай "Отан қорғау -Қасиетті борыш" тақырыбында өткізілген сайыста, сарбаздардың саптағы ән байқауының "Үздік командир" номинациясы бойынша 1- орын иеленген мектебіміздің оқушылары мадақтамамен марапатталды. 
"Біз-кәсіподақ,  біз-команда "
05
апрель
2025
"Біз-кәсіподақ, біз-команда "
"Ұстаз" Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Алатау аудандық  филиалы кәсіподақ мүшелері арасында,  Алатау аудандық "Ұстаз" кәсіподақ  төрағасы Кайрат Мухамедиевтің  ұйымдастыруымен өткен  "Біз-кәсіподақ,  біз-команда " атты көңілді тапқырлар клубы ойынында,  мектебіміздің кәсіподақ төрайымы Абдекеева Арайлым Дюсембекқызының қолдауымен мектебіміздің "Өздері біртүрлі мінездері әртүрлі " ұстаздар командасы БАС ЖҮЛДЕГЕ  ие болып,  қалаға жолдама алды.   Командада: 
"Қауіпсіздік сабағына”, "Қауіптің алдын алу"
02
апрель
2025
"Қауіпсіздік сабағына”, "Қауіптің алдын алу"
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Шабыт" бағдарламасы негізінде бүгінгі сынып сағаттары "Қауіпсіздік сабағына”, "Қауіптің алдын алу" тақырыбында сынып жетекшілері түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мопедпен жүрмеу, қауіпсіздіктің алдын алу туралы ақпараттар берілді.  
"19 наурыз – Жаңару күні"
19
март
2025
"19 наурыз – Жаңару күні"
19 наурыз – Жаңару күні. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты.    Осы орайда, көктемгі ағаш егу дәстүрін кеңінен насихаттау, оны  қоғамда жаңа саяси мәдениетпен байланыстыру мақсатында мектебіміздің 11 сынып оқушылары мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.  
"18 наурыз - Ұлттық киім күні"
18
март
2025
"18 наурыз - Ұлттық киім күні"
Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 наурыз - Ұлттық киім күні. Ұлттық киім - қай ұлттың болмасын салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қарауымыз керек. Қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен, ерекшелігімен ғасырлар бойы тамсандырып келеді. Бүгін - халық рухының кеңдігін, таңғажайып күйін бейнелейтін ұлттық киімнің дизайны мен көркемдігіне, қайталанбас өрнегіне
16 наурыз – “Наурызнама” бойынша Шаңырақ күні.
16
март
2025
16 наурыз – “Наурызнама” бойынша Шаңырақ күні.
16 наурыз – “Наурызнама” бойынша Шаңырақ күні. Бұл күн отбасы құндылықтарын, бірлікті, дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін ерекше мереке.    Осы мерекеге орай мектебіміздің 6 сынып оқушылары өз отбасы татулығын дәріптеп,  видеоролик түсірді. 
«Жеңіс есімдері»
11
март
2025
«Жеңіс есімдері»
11.03.2025«Жеңіс есімдері» акциясы ұйымдастырылды. Осы акция аясында Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың ерлігіне арналған іс-шара өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының батыр ұлдары мен қыздарын таныстара отырып, олардың ұлы Отан соғысындағы жасаған ерліктерін насихаттау. Отан қорғаушылар туралы,олардың еңбектері туралы кеңнен түсіндіру.Жас ұрпақты Отанды сүюге, өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру, патриоттық сезімге баулу.
«Көмек» бағдарламасы *Қауіпсіздік ережелері*
03
март
2025
«Көмек» бағдарламасы *Қауіпсіздік ережелері*
Мектебімізде 7-11 сыныптар арасында 03.03.2025 ж «Көмек» бағдарламасы аясында *Қауіпсіздік ережелері* бойынша сынып сағаттары өткізілді.  Мақсаты: Оқушыларға қауіпсіздік туралы түсінік беру Қауіпсіздік ережелері Әрбір оқушы және ата-ана қауіпсіздік ережесін міндетті түрде білуі керек. Қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау түрі қауіптің алдын алып, жарақат алудан немесе басқа оқыс жағдайлардың алдын алады. ЕСКЕРТУ: Бөгде адамдардың көлігіне отыруға, бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салынған!
"1 наурыз - «Алғыс айту күні"
28
февраль
2025
"1 наурыз - «Алғыс айту күні"
"1 наурыз - «Алғыс айту күні" Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде.  Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 29 Вперед