Іс-шаралар » Страница 3 » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Елімнің  еркіндігі  -  Тәуелсіздік! »
19
декабрь
2023
«Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік! »
№179 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік! » атты Желтоқсан қаһармандарының ерлігін дәріптеуге арналған ашық сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан туралы,оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру,Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау,көрсету;оқушыларды өз елін сүюге,қадірлеуге,осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу,өз ана тілін сүюге,әдемі сөйлеуге үйрету.
"Кітап оқиық" байқауы
08
декабрь
2023
"Кітап оқиық" байқауы
Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап оқиық" тақырыбында өткен байқауында, мектебіміздің 9-сынып оқушысы Нұрмұқадасұлы Ақпейіл жүлделі 3-орынмен марапатталды. Жетекшісі: Таубаев Максут  
«Бабалар аманаты» кәсіби байқауы
06
декабрь
2023
«Бабалар аманаты» кәсіби байқауы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Бабалар аманаты» кәсіби байқауының аудандық кезеңі 05.12.2023 ж. №179 жалпы білім беретін мектебінде Алатау ауданы мектептерінің арасында Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Бабалар аманаты» кәсіби байқауының аудандық кезеңі өткізілді. «Бабалар аманаты» байқауын өткізудегі мақсаттар мен міндеттер: 1.«Бабалар аманаты» байқауының максаты: атаулы кундерді және мерейтой иелерінің мұраларын  насихаггау, тарихқа құрметпен карап,
"Ғасыр індетінен сақтанайық" Адал ұрпақ үйымы мүшелерімен дөгелек үстел
01
декабрь
2023
"Ғасыр індетінен сақтанайық" Адал ұрпақ үйымы мүшелерімен дөгелек
"Ғасыр індетінен сақтанайық" Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын-алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектебімізде 1 Желтоқсан күні "Адал ұрпақ" ұйымының мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді. Ұйым мүшелері өз ойларымен бөлісті.  
"Адал ұстаз"
30
ноябрь
2023
"Адал ұстаз"
27.11.2023 жылы №179 жалпы білім беретін мектебінде "Адал ұстаз" конкурсының мектепішілік кезеңі болып өтті.Конкурстың мақсаты: Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік орта қалыптастыру тәхірибелерімен таныстыру; педагогтердің озық, инновациялық тәжірибесін анықтау және қолдау көрсету; педагог мәртебесін көтеру. Конкурс нәтижесі бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муратбаева Гулзира Отановна бірінші дәрежелі дипломмен марапатталып, аудандық кезеңге жолдама алды.  
Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі
09
ноябрь
2023
Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі
2023 жылдың 08.қарашасы күні Алатау ауданы №179 жалпы білім беретін мектебінде Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі болып өтті. «Махамбет оқулары байқауының мақсат-міндеттері: -Мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік    туындыларын насихаттау. -Олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи санасы мен танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана–сезімдерін ,өмірлік
"Өзін-өзі басқару" балалар мен жасөспірімдер ұйымы
27
октябрь
2023
"Өзін-өзі басқару" балалар мен жасөспірімдер ұйымы
Мектебімізде "Өзін-өзі басқару" балалар мен жасөспірімдер ұйымы ережесіне сай 2023 жылдың 25-30 қыркүйек күндері аралығында "Мектеп Президентін" сайлау науқанының 1- кезеңі жүргізілген болатын. "Мектеп Президентін" сайлау науқанының екінші кезеңіне 9 Е сынып оқушысы Сүйінбай Алинур мен 9 А сынып оқушысы Габдуллина Айдана өздерінің бағдарламасын "МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН" тақырыбында презинтацияларын қорғап, нәтижесінді 9 Е сынып оқушысы Сүйінбай Алинур "Мектеп Президенті", 9 А сынып оқушысы
"25- қазан Республика күніне "
24
октябрь
2023
"25- қазан Республика күніне "
Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында мектебімізде "25- қазан Республика күніне " орай мерекелік іс- шара өткізілді.  
«Аяулы күз, Алтын күз - 2023»
20
октябрь
2023
«Аяулы күз, Алтын күз - 2023»
Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау, күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу мақсатында, 8- сыныптар арасында «Аяулы күз, Алтын күз - 2023» сайысы болып өтті.  
"КҮЗ - СЫЙЫ"
19
октябрь
2023
"КҮЗ - СЫЙЫ"
18.10.2023 ж күні мектебіміздің бастауыш сыныптардың ұйымдастыруымен "КҮЗ - СЫЙЫ" атты табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі өтті. Бұл шара табиғатпен танысу, қоршаған орта туралы білімдерін жинақтау, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, сонымен қатар ата-аналарды мектептегі тәрбие үрдісіне тарту мақсатында өткізілді.