Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қыс қызығы"-2025
08
январь
2025
"Қыс қызығы"-2025
08.01.2025 ж дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жас мамандар  арасында "Қыс қызығы" атты  эстафеталық сайыс өткізілді. Эстафетаның мақсаты: Мұғалімдер арасында ынтымақтастықты нығайту және ұжымды жақындастырып, бірлікті арттыру; Денсаулықты сақтау мен жақсартуға ықпал ете отырып, көңіл-күйді көтеру, белсенді болуға шақыру.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:
07
январь
2025
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам: 1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз; 2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз; 3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз; 4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз; 5. - ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз 6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз; 7. Дабыл жол сандығын алыңыз
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
20
декабрь
2024
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінен этномәдениеттану секциясы бойынша 10- сынып оқушысы Мұрат Ақерке жүлделі І дәрежелі дипломмен, өлкетану секциясы бойынша 10- сынып оқушысы Досқали Дабыр жүлделі ІІ орынмен марапатталды  Жетекшілері: Байзакова Орынкуль Телқараевна , Абдрахманова Рабигуль Рахмахуновна 
JasSkills Almaty 2024 қалалық кәсіби шеберлік чемпионаты
19
декабрь
2024
JasSkills Almaty 2024 қалалық кәсіби шеберлік чемпионаты
JasSkills Almaty 2024 қалалық кәсіби шеберлік чемпионатына 9А сынып оқушылары қатысып балалар сертификат және жүлделі орындарға ие болды! Графикалық дизайн және Веб технология құзіреттілігі бойынша қатысып, Әмір Шолпан 1 орын, Каримова Мадина 2 орын, Құдайберген Зульфия 3 орын иеленді,қалған оқушылар сертификатпен мараппаталды.
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі
13
декабрь
2024
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына
№179 жалпы білім беретін мектепте,  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығы қарсаңында,  5 сынып оқушыларын Қазақстан Республикалық  Бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өткізілді.  Салтанатты қабылдау шарасы барысында ұйымға қабылданушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға, "АНТ" берді. «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымына қабылда­нып
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
09
декабрь
2024
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» Тәуелсіз боп артты халқым сенімі, Мұз боп қатқан қайғы –мұңым еріді. Ақ шыңдары тауларымның биіктеп, Кең тыныстап ұлы далам кеңіді. Тауымыз бар таңыртқатқан шыңымен, Ұл –қызым бар, даламыз бар ұлы, кең. Алдарында басымды иіп өр халқым, Құттықтаймын тәуелсіздік күнімен!         Мектебімізде 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.  
Жалығуға уақыт жоқ
03
декабрь
2024
Жалығуға уақыт жоқ
Жалығуға уақыт жоқ 03.12.2024 жылы мектеп кітапханасында 10 сынып оқушылары арасында «Жалығуға уақыт жоқ» атты жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты: Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету. Жарысқа 10 сыныптар арасынан 9 оқушы қатысты:  10 А санып оқушылары Арқалық Еркеназ  10 Ә сынып оқушыдары Амирханова Адира,
Республикалық “Алтын сақа” математикалық олимпиада
27
ноябрь
2024
Республикалық “Алтын сақа” математикалық олимпиада
Республикалық “Алтын сақа” математикалық олимпиаданың аудандық кезеңінен 5 А сынып оқушысы Дарханқызы Еркеайым 1 дәрежелі дипломмен,  6 А сынып оқушысы Мұстафаев Мардан 3 дәрежелі дипломмен марапатталды