Жалығуға уақыт жоқ
Жалығуға уақыт жоқ
03.12.2024 жылы мектеп кітапханасында 10 сынып оқушылары арасында «Жалығуға уақыт жоқ» атты жарыс өткізілді.
Жарыстың мақсаты:
Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.
Жарысқа 10 сыныптар арасынан 9 оқушы қатысты:
- 10 А санып оқушылары Арқалық Еркеназ
- 10 Ә сынып оқушыдары Амирханова Адира, Гаипова Дарья
- 10 Б сынып оқушылары Мырқасым Ерасыл, Альпек Каусар, Мурат Айгерим, Дүйсен Нуржан
- 10 В сынып оқушылары Қуандық Динара, Жастілек Мөлдір
- 10 Г сынып оқушысы Бақыт Сәруар
Жарыс ІІІ кезеңнен тұрды:
І-кезең Ақ білек романына байланысты тест сұрақтарын орындау.
ІІ-кезең мақал-мәтелдер жарысы (білім, кітап туалы әр оқушы қанша мақал-мәтел айтқанына байланысты қорытынды шығарылады)
ІІІ-кезең Ақ білек романына байланысты эссе жазу.
Әділ қазы мүшелері: Ағылшын тілі пәні мұғалімі Омиртаева Ғазиза, Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Мустафина Бибинур.
Жарыс жетістігі: Оқушылар «Ақбілек» романын қызыға оқып, мағынасын түсініп. Өз бақтарын сынап көруден қорықпады.
Жарыс кемшілігі: Барлық 10 сынып оқушыларының белсене қатыспауы.
Жарыстан үзінді видеоролик мектеп әлеуметтік желісіне жарияланды:
