17
апрель
2025
*Өнегелі 15 минут* *Жеті атаңды білесің бе?*
Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді.
Мектебімізде *Өнегелі 15 минут* жобасы өз жұмысын жалғастыруда.
*Адал ұрпақ* ұйымының мүшесі 7 *Г* сынып оқушысы Жабырбай Әмірлан *Жеті атаңды білесің бе?* тақырыбында әкесінің шежіре туралы әңгімесін тыңдап, жеті атасын тергеп әкесінің ақылын тыңдады.