Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "2025-Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы"
11
апрель
2025

"2025-Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы"

Ішкі істер министрлігі 2025 жылды "Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы" деп жариялады, осыған байланысты "Заң және Тәртіп" қағидасын іске асыру үшін, ағымдағы жылдың 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында Республика аумағында "Жас өспірім" жедел профилактикалық іс-шарасын өткізеді. Оның негізгі мақсаты: жас өспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарының қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету. Іс шараға білім беру, денсаулық сақтау, қадағалау органдары, ішкі істер органдарының жеке құрамы тартылды. Жұмыстың негізгі бағыты: алкагольді ішімдіктерді ішетін, түнгі сауық орындарына баратын, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, түнде жүретін кәмелетке толмағандарды анықтау. Балаларға алкаголь және темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, девиантты мінез-құлқы бар жас өспірімдерді және өз балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамайтын ата-аналарды анықтау және есепке қою, жас өспірімдер арасындағы қылмыстық көріністердің, бөпсалаудың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін интернет ресурстарын анықтау және бұғаттау. Оқушылар мен олардың құқықтық мәдениетті және құқықтың санатын арттыру үшін мектеп оқушыларына дәрістер өткізілді. 
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: