«Кәмелетке толмағандарды мониторингтік-психологиялық қолдау жүйесі» » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кәмелетке толмағандарды мониторингтік-психологиялық қолдау жүйесі»
14
февраль
2023

«Кәмелетке толмағандарды мониторингтік-психологиялық қолдау жүйесі»

Алматы қаласы Білім басқармасы «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен бірлесіп «Кәмелетке толмағандарға бақылау және психологиялық қолдау көрсету» бағдарламасы бойынша қалалық семинар ұйымдастырды.

Семинарға Білім басқармасының тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Тау Н., ҚББЖТҒӘО тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Ақмағамбетова Р.Г. және психологиялық-педагогикалық қолдау бөлімінің басшысы Қоқанова В.С., қала мектептерінің директорлары және «Жанұя» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.

Семинардың мақсаты – «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» ҚҚ арқылы «Кәмелетке толмағандарды бақылау және психологиялық қолдау жүйесі» бағдарламасының тұсаукесері. «Жанұя отбасын қолдау орталығы» Қоғамдық қорының директоры Есімбекова А.К. білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің, девианттық мінез-құлық пен буллингтің алдын алу бойынша әзірлемелерді ұсынып, «Кәмелетке толмағандарды мониторингтік-психологиялық қолдау жүйесі» бағдарламасын пайдалану бойынша жобасымен таныстырды.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің, девиантты мінез-құлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу жобасын жүзеге асыру үшін мектебіміздің директоры Иманбекова Шара Талғатқызы суицидке бейім балаларды анықтау жобасын жүзеге асыру үшін эксперименталды мектептің жұмыс барысын баяндады. Мектеп психологы Умбетова Динара Жолдыбаевна және Жұмахмет Ұлмекен Молдахметқызы ресурстық автоматтандырылған бағдарлама бойынша кезең-кезеңімен жүргізілген жұмыстарды көрсетті.


Семинар соңында мектеп директорлары мен қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, бағдарламаға қатысты мәселелерді талқылады.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: