Қамқоршылық кеңес отырысы » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
март
2024

Қамқоршылық кеңес отырысы

Қамқоршылық кеңес отырысы

2024 жылы 04 наурыз күні №179 жалпы білім беретін мектепте Қомқоршылық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Мақсаты – білім беру мекемесінің дамуына қолдау жасау, қала аумағында жұмыс істейтін басқа ұйымдармен оның байланысын нығайту. Қамқоршылық кеңес төрайымы Мұхамеджанова Ұлман Жумагазиевна кеңес мүшелеріне аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушылардың сандық мәліметін алып, қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан демеушілер тартып көмек көрсетуге ат салысатындығын жеткізді. Сонымен қатар мектеп мүліктерінің жағдайы жайлы мәліметтермен танысып отыру қажеттілігі туралы да мәселе қозғалды. Кеңес мүшелері өздерінің ұсыныстарын айтып, жоспарлы өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуға дайын екендігін айтты. Қамқоршылық кеңес мүшесі, Алатау ауданы полиция инспекторы Бейбіт Нұржан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға шақырды. 
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: