«Бабалар аманаты» кәсіби байқауы » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бабалар аманаты» кәсіби байқауы
06
декабрь
2023

«Бабалар аманаты» кәсіби байқауы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Бабалар аманаты» кәсіби байқауының аудандық кезеңі

05.12.2023 ж. №179 жалпы білім беретін мектебінде Алатау ауданы мектептерінің арасында Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Бабалар аманаты» кәсіби байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

«Бабалар аманаты» байқауын өткізудегі мақсаттар мен міндеттер:

1.«Бабалар аманаты» байқауының максаты: атаулы кундерді және мерейтой иелерінің мұраларын  насихаггау, тарихқа құрметпен карап, бабалар тағылымын дәріптеу.

2..«Бабалар аманаты» байқауының міндеттері:

Қазақ  тілі мен әдебиеті пәнінің  талантты мұғалімдерін аныктау және қолдау көрсету;

кәсіби дамуына жағдай жасау ;

Мұғалім беделін көтеру ;

Мұғалімнің ұлттық құндылықтарды шығармашылықпен насихаттауына жол ашу; Атаулы күндер мен  мерейтой иелерінің ел тарихындағы рөлін бағалау ;

«Бабалар аманаты» байқауы 4 сайыстан тұрады:

І . «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналады. Бұл сайыс 3 кезеңнен тұрады:

  1. «Ұлылар әлемі» ғылыми жоба қорғау
  2. «»Көркемсөз шебері» ақын өлеңдерін жатқа оқу
  3. «Шабыт» қатысушының ақынға арнау ретінде жазған өз өлеңін оқу.

ІІ. «Айтсын деп ақиқатты тіл берілген» Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған ақындар айтысы

ІІІ. «Бір шығарма ізімен» Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналады. Бұл сайыс 3 кезеңнен тұрады:

1.»Ойтүрткі» Жазушы  шығармаларына арналған слайд, жарнама, видеоролик жасау

2.«Ойкөкпар» Тест сұрақтарына жауап беру

3.»Ойсарын» жазушы шығармаларынан монолог, диалог оқу

ІҮ. «Шешендік өнер» сайысы. Төле бидің 360 жылдығына арналады. Бұл сайыс 3 кезеңнен тұрады:

1.»Ұлылар ұлағаты» мерейтой иесіне арналған 1 сабақ барысымен таныстыру

  1. «Тапқырлар» Мақалдар, афоризмдерді пайдаланып, жағдаяттардан шығу
  2. «Шешендік шиырлары» Берілген тақырыпта өз тұжырымдамасын айту.

 

Сайысқа Алатау ауданы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Сайыс өте қызықты, әрі тартысты өтті.

Қорытынды бойынша «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған сайыстан №182 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Алгазиева Лаззат Омирсериковна І дәрежелі дипломмен,

«Айтсын деп ақиқатты тіл берілген» Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған ақындар айтысы сайысынан №185 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Далабаев Қызыр Жалелханұлы І дәрежелі дипломмен, №204 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Шаймаханова Айнур Сагындыковна І дәрежелі дипломмен ,

«Бір шығарма ізімен» Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған сайыстан №152 мектеп-гимназиясының мұғалімі Далбаева Әтен Уристенбековна І дәрежелі дипломмен,

«Шешендік өнер» сайысы. Төле бидің 360 жылдығына арналған сайыстан №210 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Дәурен Бүбіш І дәрежелі дипломмен марапатталып, сайыстың қалалық кезеңіне жолдама алды. 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: