Қамқорлық - қайырымды іс » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
январь
2019

Қамқорлық - қайырымды іс

Мектеп-баланың екінші үйі. Мектеп пен ата-ана тығыз байланыста болғанда ғана бала өзіне деген қамқорлықты, жанашырлықты толық сезіне алады. Ал үлкендер тарапынан қамқорлықты сезініп өскен бала келешекте өз еліне, жеріне жаны ашитын, мейірімді азамат болып өсетіні белгілі.
Мен көпбалалы анамын, күміс алқа иегерімін. Менің үш балам Алматы қаласы, Алатау ауданы, №179 жалпы білім беретін мектебінде білім алуда. Ана ретінде осы мектептің балаларға беріп отырған білімімен қатар, қамқорлықтары жөнінде де айтуды жөн санап отырмын. Әр оқу жылының басында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіліп, көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, толық емес отбасы балаларын мектепке қажетті оқу құралдары мен киім-кешекпен қамтамасыз етеді. Бұл игі іс жалғасын тауып, 2019 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында өтіп жатқан республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында №179 жалпы білім беретін мектебінде ұстаздар, ата-аналар және оқушылардың атсалысуымен жәрмеңке ұйымдастырылды.Жәрмеңкеге барлық сыныптың оқушылары белсенді, қызыға қатысты. Жәрмеңкеден жиналған қаражатқа әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына керекті оқу құралдары мен киім-кешектерін алып берді.
Мектепте атқарылып отырған игі іс бұл ғана емес.Осы аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды мектеп асханасынан күн сайын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр.Әр оқу жылының аяғында түрлі лагерьлер мен емдеу-сауықтыру орталықтарына жолдамалар беріліп, балаларымыздың жазғы демалысын қызықты өткізуіне де көңіл бөлінген. Түрлі аудандық, қалалық деңгейдегі мерекелік іс-шараларға да балаларымызды қатыстырып отырады.
Барлық ата-аналар атынан мектеп директоры мен ұжымына алғысымды білдіре отырып, балаларымыздың жарқын болашағы үшін ата-аналар мен ұстаздарды үнемі бірлікте болуға шақырамын.

№ 179 жалпы білім беретін мектеп
ата-анасы Орынбетова Қарлығаш




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: