Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен құттықтаймыз! » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен құттықтаймыз!
10
октябрь
2022

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен құттықтаймыз!

Қазіргі кәсіподақтардың қозғалыстары еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді.

Кәсіподақ ұйымының жетекшілері мен жұмысшылары, қозғалыс белсенділері өздерінің уақыттары мен күш-жігерін еңбек адамының құқығының сақталуына жұмсап жүрген қайраткерлер.

Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз, шығармашылық күш-қуаттарыңыз отандастарыңыздың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Мектебіміздің кәсіподақ ұйым басшысы Абдекеева Арайлым Дюсембековна мектебіміздің кәсіподақ ұйым мүшелерін мерекесімен құттықтап, бағалы сыйлықтар ұсынды. Мектебіміздің кіші қызметкері Тастандиев Ғалым Курманалиновичты 60 жас мерей тойымен құттықтап, шапан кигізіп сыйлық ұсынды. Мектебіміздің ұлағатты ұстазы Маханбетова Айдана Аширбаевна кәсіподақ қозғалысын дамыту мен нығайтуға белсенді үлес қосқаны үшін "Ұстаз" АҚЖКО-ның төрағасы Байгуттинов С.К. құрмет грамотасымен марапатталды.

Мерекеге орай, мектебімізде мерекеліс іс-шара ұйымдастырылып, мектебіміздің кіші қызметкерлері әсем ән шырқап, ұстаздарымыз түрлі аспаптарда ойнап керемет өнер көрсетті. 


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: