Материалы за Февраль 2024 года » Страница 4 » КГУ «Общеобразовательная школа №179»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2024 года » Страница 4
"Салауатты тамақтану мектебі"
08
февраль
2024
"Салауатты тамақтану мектебі"
№179 жалпы білім беретін мектепте, 05.02.2024 ж күні "Салауатты тамақтану мектебі" акция жоспары аясында, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, мектебіміздің медбикесі Сулейменова Айжан Мұратбекқызы бастауыш сынып оқушыларына ""Балалардың тамақтануындағы балықтың рөлі" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын тамақтану мәдениеті мен,әдебімен таныстыру; пайдалы және пайдасыз тамақ туралы түсінік беру; оқушылардың денсаулықтарын сақтауға дағдыландыру.
“Мултимедиялық дәстүрлі театр”
08
февраль
2024
“Мултимедиялық дәстүрлі театр”
08.02.2024 жыл күні мектебіміздің 1- сынып оқушылары  орталығына барып,музыкалық өнермен,бай рухани мәдениетіміздің терең тарихымен танысып қайтты.
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»
07
февраль
2024
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»
Тақырыбы:  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» Мақсаты:  Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұлттық мектеп лигасы "Асық ату" қалалық кезең
07
февраль
2024
Ұлттық мектеп лигасы "Асық ату" қалалық кезең
Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде Асық ату спорт түрінен жалпы командалық есепте, мектебіміздің 5-6 сыныптар мен 7-8 сыныптар жүлделі ІІІ-орынға ие болды. Сонымен қатар, Асық ату сайысына спортшыларды жоғарғы дәрежеде дайындағаны үшін және жоғарғы дәрежеде төрешілік еткені үшін, мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Таубаев Базарбай Маженович СЕРТИФИКАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!  
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай  «Үш бақытым туралы» тақырыпта  дөңгелек үстел
06
февраль
2024
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Үш бақытым туралы» тақырыпта
06.02.2024 жылы  мектебіміздің кітапханасында  Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған  «Үш бақытым туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге 9- сынып оқушылары қатысып өмірбаяны мен өлеңдері, еңбектері туралы баяндады. Мұқағали Мақатаев Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі. Мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен
Алматы Полиграфия колледжіндегі "Ашық есік" күні
06
февраль
2024
Алматы Полиграфия колледжіндегі "Ашық есік" күні
Алматы полиграфия колледжіндегі ашық есік күні Алматы Полиграфия колледжіндегі "Ашық есік" күні не қызығушылық білдірген мектебіміздің 9-сынып оқушылары ақпан айының 1-і күні барып қайтты. Полиграфия колледжінің ішкі және сыртқы жағдайларымен танысып ғана қоймай, толық ақпарат алды. Бұл колледж заманауи жабдықтармен жұмыс істейді, аппараттары да жаңа. Оқушылардың қызығушылықтары одан сайын арта түсті. Сонымен қатар оқушыларымыз колледжден көптеген мағұлматтар алып, ақпараттармен танысты.
"Тіл-  ұлттың  өткені  мен  бүгінін жалғайтын өлшеусіз қазына"
05
февраль
2024
"Тіл- ұлттың өткені мен бүгінін жалғайтын өлшеусіз қазына"
№179 жалпы білім беретін мектепте "Тіл- ұлттың өткені мен бүгінін жалғайтын өлшеусіз қазына" атты қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігінің онкүндігінде 8 сынып оқушыларымен «Ой өріс» интелектуалды сайыс сабақ өткізілді. Мақсаты:Оқушыларды мемлекеттік тілді,төл тарихты білуге баулу , олардың отансүйгіштік сезімін ояту, қазақ халқының көне салт-ғұрпын, дәстүрін, таным-түсінігін және көнерген сөздерді жаңғырту. Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Арыстанова Гулбаршын,