Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
№179 жалпы білім беретін мектептің  9-11 сынып оқушыларымен "Қайрымдылық пен жақсылық " тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
12
октябрь
2021
№179 жалпы білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушыларымен
Тәрбиеленушілердің мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы, «қайырымды адам» туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру. Міндеттері: - Мейірімділіктің адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру, жақсылықты түсіну, жақсылық жасауға тәрбиелеу мақсатында, бүгін мектебімізде 9-11 сынып оқушыларымен "Қайрымдылық пен жақсылық " тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.        
7-8 сынып оқушылары арасында Волейболдан жарыс өткізілді
12
октябрь
2021
7-8 сынып оқушылары арасында Волейболдан жарыс өткізілді
Мектеп жасындағы оқушылардың қимыл-қозғалыс дағдыларын тəрбиелеудің өзектілігі мектеп жасындағы оқушылардың дене тəрбиесін сапалы дəрежеге көтеру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мəселенің бірі болып табылады. Осы маңызды жұмысты іске асыру барысында бүгін мектебімізде 7-8 сынып оқушылары арасында Волейболдан жарыс өткізілді.   
3-сыныптар арасында  *”Күз Ханзадасы мен Ханшайымы-2021”*  атты күзгі балл атап өтілді.
11
октябрь
2021
3-сыныптар арасында *”Күз Ханзадасы мен Ханшайымы-2021”* атты күзгі
Алматы қаласы Алатау ауданы №179 Жалпы білім беретін мектеп 3-сыныптар арасында *”Күз Ханзадасы мен Ханшайымы-2021”* атты күзгі балл атап өтілді. Байқауда өз білімі мен біліктілігін ортаға салып әр сынып жеңімпаз атанып, марапатталды. Бас жүлде - 3 “Ә” сыныбы І орын - 3 “А” және 3 “Е” сыныптары ІІ орын - 3 “Г” және 3 “Д” сыныптары ІІІ орын - 3 “Б” және 3 “В” сыныптары.        
11 сынып оқушыларына психологиялық тренинг өткізді.
08
октябрь
2021
11 сынып оқушыларына психологиялық тренинг өткізді.
Оқушылардың құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарымен таныстыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында, мектеп психологі Үмбетова Динара 10-11 сынып оқушыларына психологиялық тренинг өткізді. Тренингке директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Раушан Болысбековна мен Арайлым Дюсембековна қатысты.      
№179 жалпы білім беретін мектепте 1-11 сынып оқушылары  арасында қарттар күнінен байланысты "Қарттарым- асыл қазынам " тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
06
октябрь
2021
№179 жалпы білім беретін мектепте 1-11 сынып оқушылары арасында
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында, №179 жалпы білім беретін мектепте 1-11 сынып оқушылары арасында қарттар күнінен байланысты "Қарттарым- асыл қазынам " тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.          
Мектебіміздің  9 сынып оқушылары ұстаздар күнімен құттықтап,  "Ұстаз аты биік- әрі мәңгілік! " атты мерекелік концерт өткізді.
02
октябрь
2021
Мектебіміздің 9 сынып оқушылары ұстаздар күнімен құттықтап, "Ұстаз
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздарымызды, мектебіміздің 9 сынып оқушылары ұстаздар күнімен құттықтап, "Ұстаз аты биік- әрі мәңгілік! " атты мерекелік концерт өткізді.        
1- қазан Қарттар күніне орай,  10 сынып оқушылары, қарттарымыздың үйіне барып құттықтап қайтты.
01
октябрь
2021
1- қазан Қарттар күніне орай, 10 сынып оқушылары, қарттарымыздың
Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. 1- қазан Қарттар
№179 жалпы білім беретін мектеп  медбикесімен бірге, 8- сынып қыздарына жиналыс өткізілді.
28
сентябрь
2021
№179 жалпы білім беретін мектеп медбикесімен бірге, 8- сынып
Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында, мектебіміздің медбикесімен бірге, 8- сынып қыздарына жиналыс өткізілді.            
№179 жалпы білім беретін мектеп  дәллізінде "Оқуға құштар "  бұрышы ұйымдастырылды.
25
сентябрь
2021
№179 жалпы білім беретін мектеп дәллізінде "Оқуға құштар " бұрышы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыр, Оқырман құзыреттілігі - шығармашылық, «автор-оқырман» диалогына қосыла білуі, кейіпкерлермен толғана білу, көркем туындының тілін түсінуге, сөйлеу құзіреттілігі - қазақ әдеби тілінің нормаларын білу; сөйлеу қызметінің негізгі түрлерін меңгеру, әртүрлі жанрда әдеби шығармашылық жұмыстар жаза білу
Адал Ұрпақ ұйымының 2021-2022 оқу жылындағы алғашқы жиыны өткізілді.
24
сентябрь
2021
Адал Ұрпақ ұйымының 2021-2022 оқу жылындағы алғашқы жиыны өткізілді.
Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мақсатында құрылған мектепшілік Адал Ұрпақ ұйымының 2021-2022 оқу жылындағы алғашқы жиыны өткізілді. 2020-2021 оқу жылының жылдық есебі беріліп, алдағы жоспарланған іс шаралар талқыланды. Адал Ұрпақ ұйымының төрайымы Асқар Ернұр "Адал Ұрпақ" қатарына қосылған жаңа оқушыларды ұйым жұмысымен таныстырды.