Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұлы дала тұлғалары. Ұлы даланың ұлы есімдері"
18
февраль
2022
"Ұлы дала тұлғалары. Ұлы даланың ұлы есімдері"
 Алматы қаласы ББ Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелык орталығы. "Ұлы дала тұлғалары.Ұлы даланың ұлы есімдері" атты орта білім беру ұйымдары мұғалімдерінің арасында өткен ҚАЛАЛЫҚ жобалық жұмыстар байқауынан мектебіміздің биология пәні мұғалімдері Саимбулекова Жания Адилжановна, Кашкынова Назипа Жаксылыковна жүлделі 3 орынды иеленді.
Әдістемелік кеңес
17
февраль
2022
Әдістемелік кеңес
Мектебіміздің директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Шералиева Д.Э 11 сынып пән мұғалімдерімен әдістемелік кеңес өткізді. Жиналыста ҰБТ сұрақтары, оқушыларды тестке тиімді дайындау жолдары туралы кеңестер талқыланды.  
"Жырлайды жүрек"
17
февраль
2022
"Жырлайды жүрек"
    №179 жалпы білім беретін мектебімізде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына орай ұйымдастырылған "Жырлайды жүрек" байқауының аудандық кезеңі болып өтті. Конкурстың мақсаты - кәсіби құзыреттілігі жоғары, талантты, шығармашыл педагогтерді анықтау, оларға қолдау көрсету, сонымен қатар мұғалімдер арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау. Конкурстың негізгі міндеттері: конкурсқа қатысушылардың кәсіби шеберлігінің шыңдалуына ықпал ету, педагогтердің кәсіби
Кітапхана әлеміне саяхат
16
февраль
2022
Кітапхана әлеміне саяхат
  Аралайтын iшiн сен, Тау мен Дала, Жазығың. Кiтап дейтiн түсiнсең, Ақыл ойдың азығы, Қадiр-қасиет қазығы! №179 жалпы білім беретін мектептің 2 сынып оқушылары мектеп кiтапханасына саяхат жасап, қызықты кiтаптарымен танысты.
"Алтын Жүрек"
16
февраль
2022
"Алтын Жүрек"
    №179 жалпы білім беретін мектептің оқушылары "Алтын Жүрек" атты челленджге қатысып, өздерінің ата-аналарына, алғысын білдірді.
"Нейрогимнастика. Ірі және ұсақ маториканы дамыту"
14
февраль
2022
"Нейрогимнастика. Ірі және ұсақ маториканы дамыту"
  №179 жалпы білім беретін мектептің "Логопед" маманы Корганова Алтынгүл Маратқызы, "Дефектолог" маманы Исаева Тоғжан Алмазовна Ерекше білімді қажет ететін бастауыш сынып оқушылары арасында "Нейрогимнастика. Ірі және ұсақ маториканы дамыту" тақырыбында қосымша жұмыстар өткізді.
"Директорлық сенбі- ата-ана үні"
12
февраль
2022
"Директорлық сенбі- ата-ана үні"
"Директорлық сенбі- ата-ана үні" онлайн кездесулер жобасының мақсаты- отбасы мен мектеп арасындағы педагогикалық өзара іс-кимылды нығайту, баланың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау, оның жеке тұлғасын дамыту, білім беру жүйесін қалыптастыру, отбасылық тәрбиенің отбасылық қарым-қатынас мәдениетінің деңгейі мен сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық қызметтер жүйесін қалыптастыруға ықпал ету.    
Дербестендірілген оқытудың цифрлық "Almaty Sifrlyk Mektebi" платформасымен қалай жұмыс жүргізуге болатыны жайлы түсіндірме жұмыстары
11
февраль
2022
Дербестендірілген оқытудың цифрлық "Almaty Sifrlyk Mektebi"
  Мектебіміздің ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Д.Шералиева мен информатика пән мұғалімі С.Аманбаева 8,9 сыныптардың пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне ҚР мектеп бағдарламасы бойынша интерактивті анимациялық контенті және виртуалды тренажерлері бар дербестендірілген оқытудың цифрлық "Almaty Sifrlyk Mektebi" платформасымен қалай жұмыс жүргізуге болатыны жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Тойбекова Раушан Болысбековна
09
февраль
2022
Тойбекова Раушан Болысбековна
 "№179 жалпы білім беретін мектеп" директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Мұқағали Мақатаевтің 91 жыл мерей тойы
08
февраль
2022
Мұқағали Мақатаевтің 91 жыл мерей тойы
   Мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Мустафина Бибінұр Мұқағали Мақатаевтің 91 жыл мерей тойына орай қосымша ашық сабақ өткізді.