Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жалпы ата-аналар жиналысы 2023-2024 оқу жылы
20
сентябрь
2023
Жалпы ата-аналар жиналысы 2023-2024 оқу жылы
2023-2024 оқу жылының 20 қыркүйек күні мектебімізде 5-11 сыныптардың ата-аналарына арналған Жалпы жиналыс болып өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселе: 1. Әр отбасындағы бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі. 2. Оқушылардың жалпы қауіпсіздік ережелері туралы. 3. Мектептің ішкі тәртібі мен ережелері. Жиналыстың мақсаты: 1.Әр отбасының бала тәрбиесіндегі рөлінің маңызын арттыру. Баланың жағымды әдеттер мен құнды қасиеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. 2. Оқушы
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың  мерейтойына орай кітап көрмесі
19
сентябрь
2023
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың мерейтойына орай кітап көрмесі
№179 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің Ғылым Академиясының академигі, еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың мерейтойына орай кітап көрмесін ұсынды. Кітап көрмесінің мақсаты – ұлы қазақ жазушысының өмірімен және шығармашылық қызметімен таныстыру. Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте, яғни қазақтың
"Жеті жұрттың тілін біл"
15
сентябрь
2023
"Жеті жұрттың тілін біл"
Жалпы білім беру ұйымдарының 11- сынып оқушылары арасында өткізілген "Жеті жұрттың тілін біл" атты байқауға қатысып аудандық кезеңде жүлделі II-орынды мектебіміздің 11- сынып оқушысы Даханқызы Інжу иеленді. Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шопиева Ақмарал Рысбековна  
"XXI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру"
12
май
2023
"XXI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру"
Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы “ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы” тақырыбында өткен V Қалалық педагогикалық оқуларының ІІІ орын иегері Даурен Мөлдір Дауренқызы дипломмен марапатталды.  
Республикалық "ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" қазақ тілі олимпиадасы
11
май
2023
Республикалық "ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" қазақ тілі олимпиадасы
Мектебіміздің 10 сынып оқушысы Ербосын Таңдана Республикалық "ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" қазақ тілі олимпиадасының ақтық кезеңіне қатысып, жүлделі II дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Шопиева Ақмарал  
«Алматы дарыны»
04
май
2023
«Алматы дарыны»
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген «Жарқын болашақ» олимпиадасының қалалық кезеңінде «Сөз шеберлері» байқауы бойынша мектебіміздің 10 “А” сынып оқушысы Ербосын Таңдана 1-орын иеленді. Жетекшісі —Шопиева Акмарал Рисбековна  
"Алматы БалаFEST" -2023
28
апрель
2023
"Алматы БалаFEST" -2023
"Алматы БалаFEST" -2023 Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған "Алматы БалаFEST" -2023 балалар фестивальінің аудандық кезеңінде 5-8 сынып оқушылары арасында өткен "Бояулар құпиясы" бейнелеу өнері АРТ байқауы "Таланттар палитрасы" номинациясы бойынша III- орын алғаны үшін мектебіміздің оқушысы Әлихан Нұрғайса марапатталды.  
"Алматы БалаFEST" -2023
26
апрель
2023
"Алматы БалаFEST" -2023
Алматы БалаFEST" -2023 Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған "Алматы БалаFEST" -2023 балалар фестивалі аясында Алатау ауданды мектеп оқушылары арасында өткен "Жұлдызды сәт" музыкалық байқауына қатысып "Хореография өнері" номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Баян Айару "Араб биімен" II- Дәрежелі дипломмен марапатталды.