Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы"
30
октябрь
2023
"Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы"
2023-2024 оқу жылының күзгі демалыс күндерін тиімді өткізу мақсатында "Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы" тақырыбында жас мамандарға әдістемелік апталық өткізілді. 30 қазанда ҚМЖ ерекшеліктер мен БЖБ, ТЖБ жұмыстарына талдау жолдарын информатика пән мұғалімі Раева Гульвира Рақымқызы көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті.  
"ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫСЫ "
26
октябрь
2023
"ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫСЫ "
Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен, кітапханашылардың шығармашылық жетістіктерін айқындау, кітапхана саласының кәсіби құндылықтарын сақтау, жастар арасында мамандықтың беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған, "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫСЫ " атты аудандық байқауда, мектебіміздің кітапханашысы Тұяқова Назира Айдаровна "ЖАҢАШЫЛ КІТАПХАНАШЫ " деген номинациясымен марапатталды.  
«Аяулы күз, Алтын күз - 2023»
20
октябрь
2023
«Аяулы күз, Алтын күз - 2023»
Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау, күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу мақсатында, 8- сыныптар арасында «Аяулы күз, Алтын күз - 2023» сайысы болып өтті.  
"КҮЗ - СЫЙЫ"
19
октябрь
2023
"КҮЗ - СЫЙЫ"
18.10.2023 ж күні мектебіміздің бастауыш сыныптардың ұйымдастыруымен "КҮЗ - СЫЙЫ" атты табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі өтті. Бұл шара табиғатпен танысу, қоршаған орта туралы білімдерін жинақтау, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, сонымен қатар ата-аналарды мектептегі тәрбие үрдісіне тарту мақсатында өткізілді.  
"Тәуелсіз елдің көк байрағы"
18
октябрь
2023
"Тәуелсіз елдің көк байрағы"
Еліміздегі елеулі мерекелердің бірі – Республика күні қарсаңында 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен "Тәуелсіз елдің көк байрағы" атты дөңгелек үстел өтті. Оқушыларды Қазақстан тарихымен және “Республика Күні” мерекесімен таныстырылды. Слайдпен танысу және талқылау барысында оқушыларға Қазақстан дамуының негізгі кезеңдері, біртұтас және егемен республикаға айналу жолы түсіндірілді.    
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына байланысты көрме
16
октябрь
2023
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына байланысты көрме
25 Қазан ұлттық мереке – Республика күніне орай, мектеп кітапханасында Демократ реалист ақын, публицистикалық очерктері мен мақалалар поэма романы бар шебер ақын С . Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына байланысты көрме ұсынды. Көрме барысында мектеп кітапханашылары Саимбулекова Ж. Туякова Н. оқушыларды мереке тарихымен танысты  рып, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдері туралы ақпарат берді. Іс-шара барысында оқушылар белсене қатысып, Отан туралы, Қазақстан тарихы туралы
"Абайдың қара сөздері"
13
октябрь
2023
"Абайдың қара сөздері"
Алматы қаласы, Алатау аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Абайдың қара сөздері" аудандық байқауында ізденімпаздығы мен шығармашылық жетістігі үшін, мектебіміздің 5 а сынып оқушысы Тлеу Нұртуған Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілері: мектеп кітапханашылары Саймбулекова Ж, Тұяқова Н.  
"Менің ұстазым"
11
октябрь
2023
"Менің ұстазым"
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен жарыста, мектебіміздің 2 "Ә" сынып оқушысы Мади Нұрали Ұстаздар күніне орай өткізген "Менің ұстазым" байқауының сурет салу номинациясы бойынша II- дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Усенова Арай Тұрарбекқызы  
"Ұстаздар күні" Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев Алғыс хаты
09
октябрь
2023
"Ұстаздар күні" Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев Алғыс
Ұстаздар күніне орай N179 жалпы білім беретін мектеп ұжымын Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев Алғыс хатымен марапаттады.  
«Былғары доп» футбол жарысы
29
сентябрь
2023
«Былғары доп» футбол жарысы
Алатау ауданы ҰМЛ аясында 5-7 сынып ұлдар және қыздар арасында «Былғары доп» футбол жарысынан аймақтық іріктеу кезеңі Жүз Жетпіс Тоғыз Мектеп те болып өтті. I. Мақсаты: - Мектеп оқушыларын спортпен шұғылдануға тұрақты тарту. - Мектеп оқушыларын спортқа баулу - Салауатты өмір салтын насихттау - Балаларды темекі шегу , ішімдік ішу, нашақорлық, қылмыстық іс, діни экстримизм сияқты зиянды әрекеттерден алыс болуын, спорт арқылы көңілін аудару; - Рухани жігерлікке, адамгершілікке, патриоттыққа