Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№179 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 380-94-09
Есепші бөлімі:
+7(727) 380-94-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Бүкіл әлем менің сыныбымда"
04
декабрь
2023
"Бүкіл әлем менің сыныбымда"
Алматы қаласы Алатау ауданы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының сапасын арттыру және мазмұнын жаңарту мақсатында "Бүкіл әлем менің сыныбымда" атты 2023 жылдың "Үздік сынып жетекшісі" байқауында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Қожахмет Меруерт Бейбітқызы жүлделі ІІ дәрежелі ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛДЫ. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ  
"Адал ұстаз"
30
ноябрь
2023
"Адал ұстаз"
27.11.2023 жылы №179 жалпы білім беретін мектебінде "Адал ұстаз" конкурсының мектепішілік кезеңі болып өтті.Конкурстың мақсаты: Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік орта қалыптастыру тәхірибелерімен таныстыру; педагогтердің озық, инновациялық тәжірибесін анықтау және қолдау көрсету; педагог мәртебесін көтеру. Конкурс нәтижесі бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муратбаева Гулзира Отановна бірінші дәрежелі дипломмен марапатталып, аудандық кезеңге жолдама алды.  
Республикалық олимпиада қалалық кезең
29
ноябрь
2023
Республикалық олимпиада қалалық кезең
Республикалық іріктеу олимпиадасының қалалық кезеңінен ең жоғары ұпай жинап №179 жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы Дарханқызы Інжу республикалық кезеңге жолдама алды. https://www.facebook.com/100050616690715/videos/1493093361546618/      
"Абай оқулары"
28
ноябрь
2023
"Абай оқулары"
Республикалық "Дара бала " журналының қолдауымен ұйымдастырылған "Алтын күз" еркін тақырып "Абай оқулары" аталымы бойынша қатысқан мектебіміздің 3 "А" сынып оқушысы Рашит Ақниет Мақсатқызы І дәрежелі дипломмен мараппатталды. Жетекшісі: Аккожина Салтанат Төреханқызы  
"Бақытсыз Жамал" романы бойынша ашық сабақ
21
ноябрь
2023
"Бақытсыз Жамал" романы бойынша ашық сабақ
Мектеп кітапханасында Міржақып Дулатұлы (1885-1935) "Бақытсыз Жамал" романы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: XX ғасырдың басында қазақ халқының отаршылдық езгіден құтылып, рухани оянуына үлес қосқан тұлғалардың бірі – саяси-қоғам қайраткері, ақын, жазушы, публицист, ағартушы, ұстаз Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі туралы білімдерін кеңейту, тұңғыш роман «Бақытсыз Жамал» туындысының тақырыбын,мәнін түсіндіру. 2. Дамытушылық.: білімгерлердің ойлау, сөйлеу
"Балапан саз" Республикалық байқау
20
ноябрь
2023
"Балапан саз" Республикалық байқау
Республикалық балалар шығармашылығы байқауында, мектебіміздің оқушысы Тоқтарбек Жаннұр жүлделі І-орынмен марапатталды. Жетекшісі: Балжан Сағымбаева Чекетайқызы  
"Отбасы- бақыт бесігі. Ата-аналар өмірінің жобасы- бақытты  адам "
03
ноябрь
2023
"Отбасы- бақыт бесігі. Ата-аналар өмірінің жобасы- бақытты адам "
Бүгін, 03.11.2023 ж күні мектебімізде балаларды қолдау орталығының жобасы аясында, 3 "Ә" сынып жетекшісі Ахберлинова Маржан "Отбасы- бақыт бесігі. Ата-аналар өмірінің жобасы- бақытты адам " тақырыбында ата-аналарға жиналыс өткізілді. Мақсаты: позитивті ата-ана болудың мәнін, қағидаттарын және дағдыларын игеру арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.  
«Ғылыми жобаның рәсімделуі»
02
ноябрь
2023
«Ғылыми жобаның рәсімделуі»
02 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің мұғалімдері «Ғылыми жобаның рәсімделуі» тақырыбында мектепішілік семинар өткізді. Семинар барысында бірлестік жетекшісі Шопиева А. Р. ғылыми жобаның рәсімделуі, құрылымы, жазылу ерекшелігі туралы таныстырылым көрсетіп, әріптестерімен ой бөлісті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қойкенова Ж. А оқушы жұмысының үлгісімен қатынастырып, өзіндік тәжірибесімен бөлісті. Педагог-шебер Мұстафина Б. А ғылыми жетекшінің беретін рецензиясы мен
“Қожа Ахмет Ясауидің хәл хикмет ілімі”
01
ноябрь
2023
“Қожа Ахмет Ясауидің хәл хикмет ілімі”
Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай “Қожа Ахмет Ясауидің хәл хикмет ілімі” тақырыбында 9-10 сыныптар арасында ғылыми жоба жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Қ.А.Ясауидің ілімі ұсынылатын ізгілікті ойлар туралы білім беру арқылы оқушылардың Қ.А.Ясауи еңбегіндегі дүниетанымдық философиялық тағылымдарын саралауына бағыт беру, ойшылдар еңбегін оқып-үйрену мен олардың мұраларына құрмет сезімдерін қалыптастыру және адамгершілікке тәрбиелеу болды.  
« Ағылшын сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолдану»
31
октябрь
2023
« Ағылшын сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда ойын
31 қазан күні Ағылшын тілдер бірлестігі « Ағылшын сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолдану» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында бірлестік жетекшісі Қасымбек Венера жалпы ойын деген ұғымды, оның сабақ барысында қолданудың қаншалықты тиімді, қызықты екенін айтып өтті. Сонымен қатар Жүнісбекова А, Узакова А, Қадырбай А, Анапияева Н, Ержанов Е секілді ұстаздар да өз тәжірбиелерімен бөлісіп, семинар барысында ұстаздармен түрлі ойындармен бөлісті.Сол